1 миллион қазақстандық жасанды интеллект технологияларын үйренеді

ҚР ЦДИАӨМ халықты жасанды интеллект технологияларына оқыту жобасын ұсынды.

Жоба бойынша, Қазақстанда 5 жыл ішінде 1 миллион адамды даярлау жоспарланып отыр. Олардың ішінде:

• 500 мың мектеп оқушысы,

• 300 мың студент,

• 90 мың мемлекеттік қызметкер,

• 80 мың кәсіпкер,

• 30 мың басқа санаттағы азаматтар.

Сонымен қатар, министрлік білім беру жобаларын іске қосу бағытында жұмыс жүргізуде. Олардың бірі – мектеп оқушыларына арналған TUMO креативті технологиялар орталығы. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың қазан айында өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі Tomorrow School ашылып, ИИ саласындағы мамандарды даярлау басталды.

TSARKA қолдауымен