1WIN онлайн-казиносының бұзылуы туралы
2024 жылғы 2 қарашада бұқаралық ақпарат құралдарында 1WIN онлайн-казиносының бұзылуы туралы ақпарат жарияланды, бұл Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке деректерін қамтуы мүмкін.
Айта кетейік, 1WIN онлайн-казиносының қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылады, оның онлайн-ресурстарына қолжетімділік шектелген.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, онлайн-казино қызметіне тыйым салынады, ал букмекерлік қызметтерді ұсыну тек тиісті лицензия болған жағдайда мүмкін. 1WIN онлайн-казиносы бұл талаптарды бұзып, лицензиясыз құмар ойын қызметтерін ұсынды.
Мемлекеттік техникалық қызметтің мамандары жоғалған деректерге техникалық талдау жүргізуде.
Деректердің ағып кетуінен Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке деректері табылса, олар «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тиісті хабарлама алады.
Еске саламыз, жеке деректерді қорғауға қажетті шараларды қабылдау жеке деректер базасының меншік иелері және (немесе) операторларының, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тікелей міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасының жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 79-бабына және 641-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қосымша ретінде, Қазақстан азаматтары туралы барлық алынған материалдар мемлекеттік қызметшілердің онлайн-казиноның заңсыз қызметіне ықтимал қатысуына құқықтық баға беру үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беріледі.
Министрлік өз тарапынан мына шараларды ұсынады:
• «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы қарыз алудан ерікті түрде бас тарту орнатыңыз;
• банк қызметкерлері атынан қоңырау түссе, әңгімені дереу үзіп, банкке ресми байланыс деректері бойынша тікелей хабарласыңыз;
• операцияны (төлемдер, аударым және т.б.) растау үшін SMS-кодты хабарламаңыз;
• интернет-банкингтегі жеке кабинетіңізге кіру паролін хабарламаңыз;
• банк картаңыздың артқы жағындағы CVV/CVC кодын хабарламаңыз;
• құрылғыларға қашықтан кіруге арналған қосымшаларды қоса алғанда, бөгде мобильді қосымшаларды орнатпаңыз;
• қаржы аккаунттарыңыз үшін ерекше және күрделі парольдерді пайдаланыңыз;
• қосымша қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз;
• электрондық поштадағы файлдарды ашқанда абай болыңыз, әсіресе олар бейтаныс жіберушілерден келсе;
• күдікті интернет-ресурстарға (сайттарға) кірмеңіз;
• сенімсіз ресурстарда жеке ақпаратты бермеңіз;
• қаржылық операцияларды бақылап отырыңыз.
Қосымша ақпаратты біздің сайттағы сілтеме арқылы алуға болады.