2025 жылдан бастап тек электронды түрде қолжетімді болатын медициналық анықтамалар

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі сегіз түрлі медициналық анықтаманы тек онлайн режимде алуға болатынын мәлімдеді:

– Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (больничный);

– 075/у «Медициналық анықтама»;

– 026/у «МКК қорытындысы»;

– 073/у «Көлік құралын басқаруға рұқсат анықтамасы»;

– 069/у «Санаторий-курорт картасы»;

– 052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»;

– 076/у «Қаруға рұқсат алу анықтамасы»;

– 038/у «Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы».

Онлайн форматқа көшу азаматтар үшін медициналық қызметтерді алу процесін жеңілдетуге бағытталған. Жеке медициналық деректерді eGov mobile қосымшасының “еDensaulyq” бөлімінен табуға болады.

TSARKA қолдауымен