2025 жылы цифрлық көшпенділер үшін ең үздік елдер
VisaGuide.World путеводителі қашықтан жұмыс істеуге ең қолайлы елдердің жаңа рейтингін жариялады. Биыл тізімге 55 ел мен аумақ кірді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 17-ге көп.
Бағалау критерийлері:
— Салықтар және салықсыз кезең
— Интернет жылдамдығы
— Виза алу жеңілдігі
— Өмір сүру құны
— Кіріске қойылатын ең төменгі талаптар
— Денсаулық сақтау сапасы
— Туристік тартымдылық
Цифрлық көшпенділер үшін ТОП-3 ел:
Испания – рейтинг көшбасшысы, ең жоғары 5 балл алды. Жылдам интернет, дамыған медицина және салыстырмалы түрде жеңіл визалық талаптар оны қашықтан жұмыс істеуге ең ыңғайлы елге айналдырды.
БАӘ – екінші орынды сенімді түрде ұстап тұр. Мұнда салық мөлшерлемесі нөлдік деңгейде, интернет тамаша, бірақ өмір сүру құны жоғары.
Черногория – үшінші орынға ие болды. Бұл ел салықтық жеңілдіктері, төмен кіріс талаптары және қолжетімді өмір сүру деңгейімен ерекшеленеді.