2026 жылғы Aurora Tech Award сыйлығына қатысу үшін IT-әйел кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдау басталды

Жыл сайын Aurora Tech Award технологияның болашағын айқындап, кең әлеуметтік әсері бар инновациялық шешімдерді ұсынатын стартаптарды қалаған батыл әйел-кәсіпкерлерді марапаттайды. 2021 жылы негізі қаланған бұл бастама бүгінде жиі еленбей қалатын дауыстарды жаһандық деңгейде танытатын маңызды платформаға айналды.

2025 жылы 116 елден рекордтық 2 018 өтінім қабылданды, оның ішінде Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан (MENA), Латын Америкасынан (LATAM), Орталық Азиядан және Азия-Тынық мұхиты (APAC) аймақтарынан қатысушылар болды. Қазақстанның төрт кәсіпкері алғашқы жаһандық іріктеу қорытындысы бойынша үздік 100-ге кірді: InCare KZ маркетплейсімен Әлия Сабитова, Jolym қосымшасымен Алуа Шаришева, Inventivo жобасымен Мақпал Икрамова және Ratio платформасының негізін қалаушы Маржан Қабдуахитова. Ал 2024 жылы Қазақстаннан Әсем Тәжиева Ozim Platform жобасымен сыйлық финалистерінің біріне айналған.

«Aurora Tech Award — бұл жай ғана марапат емес, АТ саласындағы әйелдерге инвестициялауға жол ашатын және кәсіпкерліктегі гендерлік алшақтықты жоюға көмектесетін жаһандық қозғалыс. Мен осы қауымдастықтың бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын. Үміткер мәртебесі маған сенімділік берді және мен өз жобама жаңа қырынан қарадым: Ozim Platform өсіп, Ozim Academy-ға айналды. Енді біз отбасыларды қолдап қана қоймай, педагогтарға заманауи құралдар мен білім береміз, оларға ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмірін өзгерте алатындай инновациялық және ғылыми негізделген әдістерді үйретеміз», — деп бөлісті 2024 жылғы сыйлықтың финалисті Әсем Тәжиева.

2026 жылы жүлде қоры  85 000 доллар құрайды және үш жеңімпаздың арасында бөлінеді: бірінші орын үшін 50 000, екінші орын үшін 20 000 және үшінші орын үшін 15 000 долларға ие болады. Ақшалай сыйлықтардан басқа, финалистер инвесторлар мен серіктестер желісіне, inDrive сарапшыларының қолдауына және бизнесті халықаралық деңгейде масштабтау үшін ресурстарға қол жеткізе алады.

«Aurora Tech Award — бұл негізін қалаушы әйелдердің жаңа буынына арналған трамплин. Біз тек қаржыландыруды ғана емес, сонымен қатар бүкіл салаларды өзгертуге қабілетті жобаларды өсіруге көмектесетін жетекші инвесторларға, халықаралық қауымдастықтарға және мүмкіндіктерге қол жеткізуді қамтамасыз етеміз», — деп атап өтті сыйлық басшысы Изабелла Гассеми-Смит.

Финалистерді инвесторлар мен сала көшбасшыларының тәуелсіз қазылар алқасы таңдайды. 2025 жылы финалға healthtech, agrotech, ecotech, edtech, fintech және HRtech жобалары жетті. 

Сыйлыққа қатысу үшін стартаптар келесі шарттарға сай болуы тиіс: стартап әйелмен құрылған және/немесе бірлесіп құрылған және басқарылады; стартаптың қызмет ету мерзімі бес жылдан аспайды; жалпы тартылған қаржыландыру көлемі 6 миллион доллардан аспайды; сонымен қатар өнімнің әзірленген функционалды прототипінің, MVP немесе алғашқы клиенттердің болуы және pre-seed немесе seed даму кезеңінде болуы. 

Мүдделі қатысушылар өтінімдерін 2025 жылдың 12 қарашасына дейін auroratechaward.com сайтында қалдыра алады. Үздік-100 туралы хабарландыру 2025 жылдың 8 желтоқсанында шығады, ал үздік-30 және финалисттер тізімі 2026 жылдың басында жарияланады . Марапаттау рәсімі 2026 жылдың көктемінде өтеді.

TSARKA қолдауымен