270.00 нысанды декларацияны онлайн-тапсыру eGov.kz және eGov Mobile арқылы қолжетімді

Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне жататын қазақстандықтар 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсыруы тиіс. Мұны eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режімде жасауға болады. 

Декларацияны мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға міндетті. Есептілік активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясы (250.00-нысан) тапсырылғаннан кейін ұсынылады. 

270.00 нысаны кіріс туралы ақпаратты, сондай-ақ шетелдегі мүлік: жылжымайтын мүлік, көліктер, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын және шетелдік компаниялардағы үлестер туралы мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама шеңберінде ірі сатып алулар мен шығынстарды жабу көздері туралы мәліметтер көрсетіледі. 

Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін пайдаланушыға:

− порталға авторизацияланып, «Азаматтарға» - «Кеден және салықтар» - «Салық салу» бөліміне өтіу қажет; 

− «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00- нысан)» қызметін таңдаңыз және қажетті деректерді толтырыңыз. − мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз. − қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылықызметке қол қойыңыз;

− «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен өзіңіздің жекекабинетіңіздегі өңдеу мәртебесін қарап тексеріңіз.

Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасындапайдалану үшін пайдаланушы: 

− eGov мобильді қосымшасына авторизациялаудыжасап, «Қызметтер» бөлімінде «Салық және қаржы»бөліміне өтуі қажет;

− «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралыдекларацияны қабылдау (270.00-нысан)» қызметінтаңдап, қажетті деректер нысанын толтырыңыз; 

− мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз; − қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылы қызметкеқол қойыңыз; 

− «Қызметтерді алу тарихы» бөліміндегі жекекабинетіңіздегі өңдеу мәртебесін тексеріңіз.

Сондай-ақ, декларацияны kgd.gov.kz порталында және eSalyq Аzamat мобильді қосымшасында «Салықтөлеуші кабинеті» арқылы тапсыруға болады. 

Көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарышөнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтеркомитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қаржы министрлігінің бірлескен жұмысыныңарқасында іске асырылды.

TSARKA қолдауымен