AI арқылы жақсартылған: Samsung компаниясы Samsung Innovation Campus тегін білім беру бағдарламасының жаңа ағынын жариялайды
Жасанды интеллект, біздің әдеттерімізді және әлемді түсінуді өзгерте отыра, керемет жылдамдықпен адам өмірінің маңызды бөлігіне айналуда. Заман ағымына ілесу және өзімізге жақсы болашақ құру үшін мектеп оқушылары мен студенттер AI, деректерді талдау және бағдарламалаудың барлық негіздерін қазірден үйренуі керек. Ал Samsung Electronics бұл үшін тамаша мүмкіндік береді!
Samsung Innovation Campus халықаралық білім беру бағдарламасы аясындағы жаңа топтарға тіркелу бүгіннен басталады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары мен студенттері Python бағдарламалау тілінде деректерді талдау және Java тілінде заманауи мобильді әзірлеуді мүлдем тегін меңгере алады.
Ал биылдан бастап бағдарламаға жаңа курс – AI негіздерін оқып-үйрену қосылып жатыр, оның барысында студенттер қазіргі әлемде жасанды интеллект қалай жұмыс істейтінін, оны қалай тиімді пайдалану керектігін және AI инновацияларының арқасында адамзат үшін қандай перспективалар ашылып жатқанын түсіне алады.
Курстарға тіркелу 30 тамызға дейін жалғасады, ал оқудың өзі қыркүйектің ортасында басталады. 13 пен 25 жас аралығындағы жас және талапшыл жастар тіркеле алады. Барлық курстар офлайн және онлайн режимінде қолжетімді болады. Оқытушылар – тиісті салаларда үлкен тәжірибесі бар сертификатталған мамандар.
Қатысушыларды күтеді:
• Аптасына екі-үш рет қызықты сабақтар
• Ыңғайлы оқыту үлгісі: жайлы үзілістермен бірге екі сағаттық сессиялар.
• Samsung Electronics кореялық мамандар дайындаған білімнің замануи базасы
• Samsung Innovation Campus заманауи жабдықталған сыныптарындағы тәжірибе сабақтары (офлайн-форматта).
Курстарды аяқтаған соң қатысушылар IT мамандары дайындаған емтихандарды тапсырады және Samsung Electronics компаниясының сертификатын алады. Бірақ ең бастысы олар – еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды игеріп, Samsung Innovation Campus ғаламдық қауымдастығының бір бөлігі болады!
Тіркелу қазіргі сәтте жобаның ресми сайты: samsung-campus.kz-те басталып жатыр. Мұнда сіз алдағы курстар туралы барлық мәліметтерді, соның ішінде кестені, орындарды және силлабустарды біле аласыз.