АҚШ-та жүрген министр Жаслан Мәдиев елге үлкен инвестиция тартты
АҚШ-қа барған министр Жаслан Мәдиев Hubble Network компаниясының негізін қалаушы Алекс Харомен, сондай-ақ Astranis компаниясының өкілдерімен кездесулер өткізіп, елге пайдалы инвестиция тартты.
Кездесу барысында, олар ғарыштық технологиялар мен спутниктік коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық перспективаларды талқылап, Hubble Network-пен ҚР аумағында IoT-құрылғыларды орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы келісімге қол жеткізді.
Айта кетейік, бұл жоба еліміздің барлық өңірлерінде IoT-құрылғыларды қолдану мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Мұнай және газ салаларындағы датчиктерге, сондай-ақ жүк вагондарын треккингке қолдануды жоспарлап отыр.
“Кездесу шеңберінде тараптар "лизинг" моделі бойынша Astranis аппаратын пайдалану мүмкіндігіне мұқият талдауды жүргізуге келісті, бұл Қазақстанның спутник өндірісіне жүздеген миллион доллар инвестициялау қажеттілігінсіз деректерді берудің жоғары жылдамдықты спутниктік байланыс арналарын ұйымдастыру қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді”, - делінген хабарламада.