Ақтауда «Қара бекіре» атты эко-драма түсіріліп жатыр

Unico Play «Қара бекіре» атты кең ауқымды қазақстандық телехикая түсіріп жатыр. Бұл жоба отандық кинематографияға деген көзқарасты түбегейлі өзгертуі мүмкін. Форт-Шевченконың қатал табиғаты мен Ақтаудың өндірістік колориті — Каспий маңындағы әлеуметтік және экологиялық мәселелерді күн тәртібіне қоятын шиеленісті оқиғаның басты алаңына айналады. 

Соңғы зерттеулерге сәйкес, Каспий теңізі тартылып, судың деңгейі 70 см-ге түсіп кеткен, ал кейбір жерлерінде 50 шақырымға жуық теңіз табаны құрлыққа айналған.  Бұл өзгеріс өңірдің биоалуандығы мен тіршілігіне үлкен қауіп төндіруде. Бекіре, белуга, орыс және жұлдызша бекіре балықтарының популяциясы шамадан тыс аулау мен табиғи мекенінің бұзылуы салдарынан 90%-дан астамға азайған. Бұл деректерге түсініктеме берудің қажеті шамалы*. Енді проблеманы экран арқылы көпшілікке көрсететін уақыт келді. 

Ағайын мен табиғат туралы драма  

Он жыл түрмеде отырған Нұрбол 2012 жылы туған жері — Ақтауға оралады. Бірақ шындықты естігенде төбе шашы тік тұрады: інісі Азат қара уылдырықпен айналысатын браконьерлік топтың мүшесі. Нұрбол туған бауырын құтқару үшін тағы да қылмыс кең таралған және адам қолынан уланған су асты әлеміне кіруге мәжбүр болады. Мұнда адамдар өз-өзімен ғана емес, табиғаттың өзі — адам қолынан жаралған стихиямен күреседі. 

Әлеуметтік салмақ пен жанрлық үйлесім  

«Қара бекіре» — бұл қарапайым қылмыстық сага емес. Бұл телехикаяда отбасы ішіндегі эмоционалды қақтығыс пен қазақстандық «шығыс вестерн» тоғысады. Мұнда отбасылық байланыстың үзілуі, экологиялық апат, браконьерлік және қылмыстың өршуі сияқты тақырыптар көтеріледі — және осының барлығы адамның өзі себеп болған апат аясында өрбиді. 

Тәжірибелі мамандар мен жаңа таланттардан құралған топ  

Режиссураны Берік Жаханов есімді мықты жас дарын қолға алған. Ал жобаның бас продюсерлерінің бірі — Анара Жунусова. 

«Бұл жай ғана сериал емес — бұл жан айқайы. Бізшынайы адамдар туралы, шынайы Каспий туралы жәнешынайы қиыншылықтар туралы айтамыз. Бұлтелехикаяда теңіз — жай ғана фон емес, бұл — тірікейіпкер. Біз осы кейіпкерлерден адамдар өзін танығанынқалаймыз», — дейді бас продюсер Анара Жунусова. 

Жоба қазақстандық киноға жаңа есімдер сыйламақ. Unico Play командасы қашанда танымал жұлдыздарға ғана емес, талантты жаңа актерлерге де мүмкіндік беруді мақсат етеді. 

«Біздің мақсатымыз — жай ғана кино түсіру емес, көрерменнің жүрегіне жететін, шынайы дүние жасау. Сол үшін тәжірибесі мол актерлерді де, жаңа таланттарды да шақырамыз. Көрермен экраннан Дамир Амангельдин, Ақжол Примбетов, Алмагүл Сағындық сияқты көпшілікке жақсы таныс есімдермен бірге жаңа кейіпкерлерді көргенде, бұл әрдайым қызықтырып, баурап алады. Мұндай жаңа тыныс оқиғаға да, жалпы индустрияға да серпін береді. Біздің жағдайда бұл серпінді ЕлдосШайкенов пен Мақсат Рахмет алып шығады. Олар театр сахнасында жақсы таныс болса да, енді үлкенаудиторияны бағындыруға дайын», — дейді Анара Жунусова. 

Сериал түсіріліміндегі ең күрделі сынақтардың бірі — ашық теңіздегі көріністер болды. 

«Ақтау мен Маңғыстау облысы тұрғындарына бізді жылы қабылдап, көмек көрсеткендері үшін алғыс айтамыз. Тұрғындар барынша бізді қолдап, керек кезде қол ұшын бергендерінің арқасында түсірілімнің су астындағы ең қиын экшн сахналары еш кедергісіз өтті. Каспий теңізін ерекше атап өткім келеді – жұмыс барысында ауа-райы бұзылып, түсірілім күндері кейінге шегерілген жоқ. Табиғаттың осы бір сыйын жақсылықтың нышаны, сәттіліктің белгісі деп қабылдадық», - дейді жобаның продюсері Анна Чекиртова.

 Осы жоба үшін арнайы танымал мамандар шақырылды. Олардың ішінде «Qash», «Жаным, сенбейсің!», «Келинка Сабина» сынды жобалармен танылған қазақстандық оператор Азамат Дулатов және «Голиаф», «Дала қасқыры», «Нулевые» фильмдері арқылы танымал қоюшы-суретші Ермек Утегенов бар. Түсірілімде суасты камералары, табиғи жарық, сондай-ақ актерлерге экстремалды жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін барлық сақтық шаралары қолданылуда. Мұндай тәсіл көрерменді шынайы әрі әсерлі атмосфераға елітіп әкететін көркем орта жасайды. 

TSARKA қолдауымен