Алматы IQAir-ды ең ластанған ірі қалалар рейтингіне енді

2024 жылдың 5 желтоқсанда Алматы "Әлемдегі ең ластанған ірі қалалар" тізіміне ресми түрде қосылды. Бұл рейтингті Швейцарияның IQAir халықаралық компаниясы жүргізеді. Сол күні Алматы топ-10 қатарына еніп, сағат 17:00-де 5-орынға көтерілді. Біздің қала Карачи, Бағдат, Шанхай және Бішкек сияқты мегаполистермен бір қатарда тұр. Бесінші орында болған сәтте Алматыдағы орташа AQI (Ауа сапасының индексі) көрсеткіші 169 болды, бұл деңгей "денсаулыққа зиянды" деп саналады.

Енді алматылықтар қаладағы ауа сапасын әлемнің басқа ірі қалаларымен салыстыра алады.

Ірі қалалардың рейтингі шамамен 120 ірі әрі танымал мегаполисті қамтиды. Қалалар Ауа сапасының индексі (AQI) бойынша бағаланады. Бұл көрсеткіш мемлекеттік органдар, зерттеу институттары, үкіметтік емес ұйымдар, компаниялар және еріктілер басқаратын мыңдаған мониторинг станциялары мен датчиктерден жиналған мәліметтер негізінде есептеледі. Рейтинг сағат сайын жаңарып отырады, бұл ауа сапасындағы өзгерістерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Рейтингтің мақсаты — әлемдегі ірі қалалардың ауа сапасын қарапайым әрі түсінікті түрде көрсету. Бұл ормандардағы өрттер, биомассаның жануы, өндірістік белсенділік, құмды дауылдар және ауа райы жағдайларының ауаның ластануына әсерін айқындауға көмектеседі.

Рейтингті IQAir сайтынан немесе Airvisual мобильді қосымша арқылы көруге болады.

IQAir туралыIQAir — адамдарға, ұйымдарға және үкіметтерге ауа сапасын жақсартуға ақпарат пен ынтымақтастық арқылы көмек беретін швейцариялық технологиялық компания.

Almaty Air Initiative (AAI) қоры туралы

Almaty Air Initiative (AAI) – Алматының ауа сапасына қатысты мәселесін шешу үшін құрылған жеке қор. Оның қызметі зерттеулер жүргізуге, экологиялық жағдайды бақылауға және Қазақстанда экологиялық әділет қағидаттарын нығайтатын жобалық модельді әзірлеуге бағытталған. Қордың негізін қалаушылар – inDrive негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский мен Sergek Group IT компаниялары тобының тең құрылтайшысы және Freedom Telecom бас директоры Қайрат Ахметов.

Қордың қызметі туралы толығырақ ақпаратты www.air.org.kz сайтынан біле аласыз.

TSARKA қолдауымен