Алматыда Ғылым күніне орай Crazy STEAM Ideas фестивалі өтті

11 сәуір күні Алматы қаласында Ғылым күніне арналған Crazy STEAM Ideas фестивалі өтті. Шараның финалында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ең мықты 24 мектеп командасы бас қосты. Жас новаторлар болашаққа әсер етуі мүмкін жобаларын ұсынды.

Фестивальді ұйымдастырушылар — Caravan of Knowledge корпоративтік қоры және «Шеврон» компаниясы.

Қазақстанның тұрақты дамуының маңызды факторларының бірі — STEAM-білім беру. Бұл бағыт еліміздің ғылыми-технологиялық серпілісін қамтамасыз ететін жаңа буын мамандарын дайындауда үлкен рөл атқарады. STEAM-подходтар техникалық білім берумен қатар, сыни және креативті ойлауды, командамен жұмыс істеу дағдыларын және күрделі міндеттерді шешу қабілеттерін дамытады.

Crazy STEAM Ideas фестивалі осындай инновациялық бағыттарды мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттауға бағытталған. Фестивальдің басты мақсаты — балалар мен жасөспірімдерді өзекті әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге арналған жобаларды жасауға шабыттандыру, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпіріндегі талантты оқушыларға өзін-өзі дамыту алаңын ұсыну.

Crazy STEAM Ideas: Kasipter Alemi байқауы — стандартты ойлау шеңберінен тыс инновациялық идеяларды генерациялау алаңы болды. Жобалардың түпнұсқалығы, практикалық маңызы және креативтілігіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар ғылыми фантастикадан шабыт алып, өз идеяларын жүзеге асыру үшін қандай мамандықтар қажет болатынын нақты сипаттап шықты.

Ұсынылған жобалар арасында:

  • Халық санының арту мәселесін шешуге арналған орбиталық қалалар тұжырымдамасы;
  • Экологиялық тұрғыдан тұрақты «көшпелі үйлер»;
  • Адам қозғалысын тездететін футуристік «антигравитациялық кроссовкалар»;
  • Пайдалы қазбаларды қауіпсіз әрі тиімді өндіруге арналған «робот-кеншілер»;
  • Таза энергия өндіретін «су бетіндегі қала-лайнер» идеялары болды.

Бұл жобалар инженерлік ойлаудың ғана емес, сонымен қатар шараға келген барлық қонақтар үшін үлкен шабыт көзіне айналды.

Байқауға Қазақстанның әр аймағынан 300-ден астам өтініш түсті. Нәтижесінде 22 команда Алматыдағы финалдық шарада өз жұмыстарын ұсынды.

Caravan of Knowledge қорының жетекшісі Дарын Сайынов атап өтті:

«Бұл — Қазақстандағы балалардың қиялы шынайы инновация мен нақты мамандықтар арқылы болашаққа айналатын алғашқы фестиваль. Біз болашақ — тек фантастика емес, бүгінгі балалардың әлемді өзгерте алатын нақты идеялары екенін көрсеткіміз келеді».

«Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Ләйлә Айтмұханова айтты:

«Шеврон компаниясы Қазақстан жастарын ерекше әрі шығармашылықпен ойлауға шабыттандыратын жобаларды қолдайды. Crazy STEAM Ideas фестивалі — жастарға өз идеяларын ұсынып, еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің болашағын өзгертуге мүмкіндік беретін платформа».

Жеңімпаздар:

  • Гран-при — «weedzap» жобасыСыйақы: 300 000 теңгеКоманда: Нұрасыл Тұрсұбаев, Салыбаев Ералы, Сманов БектасТренер: Медет МәдиМектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы
  • 2-орын — «Жаңа ХҒС» жобасыСыйақы: 200 000 теңгеКоманда: Алишев Дамир, Қошқар БибарысТренер: Корчагин Виталий ВладимировичМектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз
  • 3-орын — «Нереида — суасты қаласы» жобасыСыйақы: 100 000 теңгеКоманда: Жақан Адиа Асетқызы, Ермищкин Александр СергеевичТренер: Үтебаева Дамели ЗайроллаевнаМектеп: №1 мектеп-гимназиясы, Көкшетау

Crazy STEAM Ideas фестивалі балалардың идеяларын көрсету ғана емес, болашақ туралы диалог алаңына айналды. Бұл шара оқушыларға ғана емес, ата-аналарға, ұстаздарға және болашақ мамандықтар мен технологиялар әлемін түсінгісі келетін барша адамға қызықты болды. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың өз күшіне деген сенімін арттырып, болашақты бүгіннен бастап бірге құруға болатынын көрсетеді.

TSARKA қолдауымен