Альтушка немесе пикми: 2024 жылы Яндекс Іздеудің қазақстандық пайдаланушылары қандай жаңа сөздерді жиі іздеді
Yandex Qazaqstan пайдаланушылары биыл қандай жаңа сөздер мен сөз тіркестердің мағынасын жиірек білгісі келгенін анықтады. Ол үшін компания аналитиктері Қазақстанда Яндекс Іздеуге салынған «қандай зат», «бұл не» және «нені білдіреді» сөздерімен біріктірілген иесіздендерілген сұрауларды зерделеп шықты. Бұдан кейін Yandex Qazaqstan 2024 жылы өткен жылмен салыстырғанда қызығушылық ең аз дегенде бес есе артқан ТОП-10 жаңа сөз бен сөз тіркестерін жинады.
Зерттеу нәтижесінде рейтингтің үздік үштігіне пикми, скуф және докс сөздері енді. Бірінші сөз жігіттерге қатты ұнағысы келетін бойжеткенді білдіреді екен. Скуф болса өз-өзіне қарамайтын, спорттан бейхабар әрі зиянды тағамды ұнататын 30 жастағы ер адам. Докс сөзі интернетте құпия ақпаратты іздеуді білдіреді. Табылған мәліметтерді кейін өзгелерді бопсалау және заңсыз әрекеттер, бейәдеп қылықтар істеу үшін пайдаланады.
Үздік бестікке квадробер және кондицияда сөздері енді. Бірінші сөзбен жануарлардың жүріс-тұрысына еліктеген адамдарды атаса, екіншісі адам қандай да бір міндет немесе іс-әрекетті орындауға барынша дайын болған кезін білдіреді.