Архивтік жаңалық: Қарағанды тарихындағы алғашқы инвестициялық келісім қандай болған

Қарағандының тарихы қала мәртебесін иеленбей тұрып-ақ, алғашқы шахталар мен қоныстанушылардан бұрын басталған. Жақында архивтен ерекше құжат табылды - 1852 жылы жасалған, өнеркәсіп иесі мен екі инвестор арасындағы инвестициялық келісім. Бұл құжат болашақ Қарағанды облысы орналасқан Қырғыз даласындағы кен орындарын игеруге арналған. Таңғаларлығы бұл келісім қазіргі стартаптар мен венчурлік жобалардағы инвестициялық келісімдерге өте ұқсас.170 жыл бұрын бұл келісімге кім және не себепті қол қойғанын және оның бүгінгі күн үшін қандай маңызы бар екенін баяндаймыз.

170 жыл бұрынғы инвестициялық келісім

Бұл тарихи құжатқа Қарағандыдағы “Терриконовая долина” IT-хабының мамандары назар аударды. Олар өлкетанушы В.Я. Новиковтың еңбектерін зерттеу кезінде XIX ғасырдың ортасында құрылған акционерлік қоғамға қатысты архив материалын кездестірген. Осы мәлімет негізінде команда мемлекеттік архивке ресми сұрау жолдап, 1852 жылдың 16 ақпанында Екатеринбург қаласында жасалған келісімшарттың көшірмесін алады.

170 жылдан астам уақыт бұрын жасалған бұл құжатқа компанияның негізін қалаушы Никон Абрамович Ушаков және екі инвестор - алтын өндірісімен айналысқан кәсіпкерлер Аникий Терентьевич Рязанов пен Тит Поликарпович Зотов қол қойған. Құжат Батыс Сібір мен Қырғыз округтерінде, соның ішінде Қырғыз даласындағы, яғни қазіргі Қарағанды жеріндегі мыс, күміс, қорғасын және тас көмір кен орындарын игеру үшін акционерлік қоғам құруға қатысты.

Бәрі қазіргі стартаптардағыдай

Парақтары сарғайған, тілі көне, каллиграфиялық қолтаумен жазылғанына қарамастан, бұл тарихи құжат қазіргі стартаперлер мен инвесторлар арасындағы келісімшарттардың басты тұстарын айқын бейнелейді. Атап айтқанда:

Үлестерді бөлу (CapTable): компания 120 үлеске бөлініп, құрылтайшылар арасындағы үлестері нақты көрсетілген;Құрылтайшыға берілетін төлем (CashOut): құжат негізін қалаушының инвестиция тарту кезінде алатын қаржылай сыйақысын белгілейді;Үлестерді беру шарттары (Vesting): болашақта белгілі бір жағдайлар орын алғанда үлестерді бөлу механизмі қарастырылған;Бәсекеге тыйым салу шарттары (Non-Compete Agreement): тараптардың ұқсас салаларда немесе басқа нарықтарда жаңа жобаларды жүзеге асыруына қатысты шектеу шарттары жазылған.

Бұл  серіктестік пен инвестициялық сенім қағидаттарына негізделген, заңды тұрғыдан мұқият ресімделген мәміле. Ең бастысы  ол бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған.

Қазіргі венчурлік инвестициялар қандай?

Қарағандыда инвестициялық мәдениет қалыптасуын жалғастыруда, бірақ бұл үдеріс бүгінде жаңа ережелер мен талаптарға негізделген. Бұл бағытта Terricon Venture қауымдастығы мен “Терриконовая долинаның” стартаптарға арналған білім беру бағдарламалары үлкен рөл атқарып отыр. Бұл бағдарламаларда кәсіпкерлерге инвестициялар тарту, бизнес-модель құру және серіктестік қарым-қатынастарды сауатты рәсімдеу үйретіледі.

“Бірнеше адам бірігіп жоба бастауды шешкен кезде, әсіресе инвестиция тарту жоспары болса, ең алдымен барлық маңызды келісімдерді нақтылап алу өте маңызды: кім не үшін жауапты, үлестер қалай бөлінеді, жобадан қандай жағдайда шығуға болады – бәрі басынан реттелуі керек. Бұл – бизнестің тұрақты және салауатты дамуының негізі. Мұны тіпті 170 жыл бұрын да жақсы түсінген”, – деп Мария Жиркова, Terricon Venture жобасының жетекшісі мәлімдеді.

Қазіргі кәсіпкерлердің қолында алғашқы өңірлік инвесторлардың жолын қайталап қана қоймай, одан да жылдам алға жылжуға барлық мүмкіндік бар.  Мысалы, акселерациялық бағдарламаның финалисі атанған командалар өз жобаларын әлеуетті инвесторларға ұсынып, Terricon Venture және бизнес жебеушілерден қаржыландыру ала алады.

“Терриконовая долина” акселерациялық бағдарламасына қатысу үшін өтінімді мына сілтеме арқылы қалдыру қажет: https://terricon.kz/ru/accelerator

Ал алғашқы инвестициялық келісімнің көшірмесімен танысқыңыз келсе, оны “Терриконовая долина” IT-хабының фойесінде,  Алалыкин көшесі, 12 мекенжайында көруге болады.

TSARKA қолдауымен