Astana Hub пен Solana Superteam KZ Қазақстанда Web3-ті дамыту үшін серіктестік орнатты
Astana Hub және әзірлеушілер мен креативті мамандарды біріктіретін Solana Superteam KZ қауымдастығы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды.
Әріптестік әлемдегі ең жылдам блокчейн-платформалардың бірі Solana негізінде Қазақстанда Web3 технологияларын дамыту мен танымал етуге бағытталған.
Келісім аясында жақын күндері «Әзірлеушілерге арналған Solana» тегін онлайн-курс басталады. Тіркелу Astana Hub-тың білім беру LMS-платформасында қолжетімді болады. Оқыту блокчейн-әзірлемеде тәжірибесі жоқ адамдарға да лайықталып жасалған және технологияны нөлден бастап үйренуге мүмкіндік береді.
Курс барысында қатысушылар Astana Hub-тың білім беру LMS-платформасында тегін оқып, курсты аяқтаған соң сертификат алады, сонымен бірге мықты Web3-комьюнити ішінде тәжірибе алмасып, Solana экожүйесімен кезең-кезеңімен танысу мүмкіндігіне ие болады.
Жыл соңына дейін Solana Superteam өз алдына барынша көбірек адамды Web3 негіздеріне үйрету сынды ауқымды мақсат қойып отыр. Аталған базалық модуль өз жолын жаңадан бастаған әзірлеушілерге смарт-келісімшарттардың жұмысын, бағдарламалаудың негіздерін және блокчейн қағидаттарын түсінуге көмектеседі.