Астанада 414 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

Астанада 414 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды

Елордада стихиялық қоқыс үйінділерінің ғарыштық мониторингі аяқталды. Нәтижесінде, елорда аумағында 414 рұқсат етілмеген қоқыс орны бар екені белгілі болды. Айта кетейік, тұрмыстық қалдықтардың ғарыштық мониторингін іске асыру бойынша жұмыстар 2018 жылы басталған болатын.

"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ экология және табиғи ресурстар министрлігі 290 мың шаршы шақырымды қамтитын 46 мекенге ғарыштық мониторинг жүргізді. Соның нәтижесінде, 414 рұқсат етілмеген қоқыс орны бар екені анықталды. Мамандардың айтуынша, ғарыштық мониторинг тек Астана бойынша ғана емес, елдің өзге өңірлерінде де жүргізілуде.

Айта кетейік, мониторинг 1 наурыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Өйткені қыста спутниктен түсірілген суреттер қардың түсуіне байланысты бақылауға жарамсыз болып қалады.

Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны бойынша Астана көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда - Қарағанды облысы (303), Қостанай облысы (174) тұр. Ал Алматыда бұл көрсеткіш әзірге -0.

Алынған деректерді Экологиялық реттеу және бақылау комитеті қадағалайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аумақтық экология департаменттері Қалдықтарды кәдеге жарату жұмыстарымен айналысады.

 TSARKA қолдауымен