Астанада PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» атты ғылыми отбасылық фестивалі өтеді

21 қыркүйекте елордада бүкіл отбасыға арналған ең ірі ғылыми-танымдық фестиваль — PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» өтеді.

PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» – заманауи ғылымның көмегімен адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруіне жаңа көзқарас беретін орын.

PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» фестивалінде ғалымдар мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына күрделі нәрселерді қарапайым тілде түсіндіріп береді, ал мұғалімдер балаларға сабақтарды қызықты әрі тартымды өткізудің жолдарын көрсетеді.

PRO.NRG FEST Қазақстандағы ең ірі ғылыми-танымдық фестивальдердің біріне айналды. Биыл фестиваль үшінші рет өткізіліп жатыр. Өткен жылы бұл ағартушылық фестивальге 6,5 мыңнан астам көрермен қатысты.

Қатысушыларды не күтеді:

• 30-дан астам ғылыми-танымдық дәрістер, шеберлік сыныптары, интерактивтер мен практикумдар;

• Фестивальді геймификациялау және құнды сыйлықтардың ұтыс ойындары;

• Ғылым мен өнердің коллаборациясы: ғылыми шоу-бағдарламалар, тірі эксперименттер мен перформанстар;

• YEMAA Art Space жобасының арнайы көрмесі;

• Әртүрлі форматтағы көптеген өзекті контент;

• Білім беру көрмелік экспонаттар, воркшоптар мен презентациялар.

Фестивальдің идеясы – заманауи ғылымның көмегімен адамның табиғатпен үйлесімді өмір сүру мүмкіндігін көрсету.

PRO.NRG FEST 2024 «Tabigat & Science» фестивалін STEAM білімін дамытуға бағытталған «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры ұйымдастырады.

Фестивальдің бас серіктесі – «Шеврон» компаниясы. Бұл компания ғылымға, жаңа технологияларға және тиімді білім беру шешімдеріне деген қызығушылықты арттыратын бағдарламаларды жүйелі түрде қолдайды.

Стратегиялық серіктес — Оқу-ағарту министрлігі.

Операциялық серіктестер — Целинный, УЕМАа, KilenHub.

«NRG-Fest – елдегі мұндай тұжырымдамалы және қатысушылар үшін тегін жалғыз отбасылық-білім беру шарасы. Жыл сайын біз тек білім беру контекстін ғана емес, сонымен бірге қоғамда жаңа шығармашылық мағыналарды қалыптастыратын жаңа тақырыптарды көтереміз. Биыл біз ғылымның әртүрлі аспектілері арқылы табиғаттағы адамның рөлін және адамның жүйе ретіндегі табиғаттағы бейнесін көрсеткіміз келеді. Спикерлердің кәсібилігі бұл тақырыпты кез келген жас санаты үшін ашуға мүмкіндік береді. Шеврон компаниясының қолдауы барлық қалаушылар үшін құнды білімді ұсынуға мүмкіндік жасады», — деп атап өтті «Caravan of Knowledge» қорының жетекшісі Зарина Биюмбаева.

Балалар үшін фестивальде олар өзін нағыз ғалым ретінде сезінетін интерактивті аймақтар құрылады. Геймификация форматында инженерия және ғылыми шығармашылықпен айналысып, жасанды интеллект арқылы ғарышты зерттеп, тарихты мемдер, аниме, фильмдер мен мультфильмдер арқылы зерттейтін болады. Ең белсенді қатысушыларға ақылды сыйлықтар беріледі.

Ата-аналарға арналған сараптамалық дәрістер мен баланы қалай дамытуға болатынын, білім беру трендтері қандай екенін, баланың қызығушылығына қарай оның назарына не аудару керектігін білу мүмкіндігі болады.

Фестивальдің спикерлері:

Әлия Абдинурова, информатика мұғалімі, PBL teacher. Жобалық оқыту аясында жасанды интеллекті қолдана отырып, инновациялық шешімдерді әзірлеу;

Мақсат Даулетқазыұлы, халықаралық бакалавриат емтихан алушысы. Мектеп директорының рөлі туралы: бұл — мәртебе ме әлде миссия ма?

Жамилә Турдалы, National Geographic оқытушысы, «Жылдық кітап» баспа/сандық кітабының авторы. STEM EduComics: STEM білімін комикстер арқылы студенттерді тарту;

Айгерім Абылқайырова, «Батыр», «Сәлем Астана!», «Қадам» балалар кітаптарының иллюстраторы. STEM EduComics: STEM білімін комикстер арқылы студенттерді тарту;

Алина Алимбаева, химия және биология пәндерінің мұғалімі, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары. Ойындар оқуға қалай көмектесетінін айтып береді;

Айткүл Жанатқызы, поп-мәдениет арқылы тарихты оқытатын тарих мұғалімі-гик. Оның баяндамасының тақырыбы — поп-мәдениет (мемдер, аниме, фильмдер, мультфильмдер) арқылы тарих;

Хайдар Мұрзахметов, тиктокер мұғалім. Оның баяндамасы Тесла әрекетте: Разрядтар, жарық және жоғары кернеу туралы;

Садыбекова Ботакөз, экология магистрі, экоактивист, экоэтнодизайнер, «Экология Консалтинг» компаниясының басшысы, «Экодос» компаниясының негізін қалаушы. Оның баяндамасы киімнің екінші өмірі туралы;

Ерназар Абдикамалов, Назарбаев Университетінің физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Энергетикалық ғарыш зертханасының жетекшісі. Жасанды интеллект арқылы ғарышты зерттеу;

Нұрсұлтан Зиядаев, «Естелік» жобасының жетекшісі, продюсер. Композитор, «Естелік» жобасының саунд-продюсері. Қазақ халық әндері адамның миына қалай әсер етеді?

Aidhn, «Естелік» жобасының жетекшісі, продюсер, композитор, «Естелік» жобасының саунд-продюсері. Қазақ халық әндері адамның миына қалай әсер етеді?

Әлия Сахариева, «Целинный» заманауи мәдениет орталығының «Tselinny.Studies» жетекшісі, цифрлық және технологиялық өнер саласындағы білім беру жобаларының кураторы. Оның баяндамасы: «Өнер, ғылым және технологиялар. Әлемді құтқару»;

Павел Яковский (Paweł Jaskólski), Польшадағы фермер, археолог, ғылыми білімді таратушы, педагог, жаттықтырушы;

Иржи Влах (Jiří Vlach), STEM білім беру бойынша кітаптардың авторы, Масарик университетіндегі ғылыми лагерьлер мен практикумдарды ұйымдастырушы, ғылыми шоу және перфоманс авторы, Чехия.

Өткен жылы фестивальдің бір бөлігі Science on Stage Europe ұлттық кезеңінің финалы болды. Бұл – бүкіл әлемнің мұғалімдері өздерінің ғылыми пәндерді оқытудағы озық тәжірибелерімен бөлісетін халықаралық фестиваль. Қазақстандағы байқаудың кезеңін «Caravan of Knowledge» қоры «Шеврон» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

PRO.NRG FEST 2024 білім беру фестивалі 21 қыркүйекте Астана қаласында шоу, перфоманс, дәрістер және ойын түріндегі практикалық сабақтар элементтерімен өтеді. Өтетін орны: Халықаралық қаржы орталығы (AIFC) EXPO Astana, Мәнгілік Ел даңғылы, 55/18, Есіл ауданы.

Кіру: PRO.NRG FEST 2024 сайтына міндетті түрде тіркелгеннен кейін тегін.

Фестиваль туралы толығырақ ақпаратты сайттан, Instagram және Facebook парақшаларынан біле аласыз.

Байланыс мәліметтері: +7 747 689 9542, Елена Багманова.

TSARKA қолдауымен