Астанада Solve for Tomorrow байқауы аясында ең үздік оқушы-стартаперлер анықталды

Solve for Tomorrow республикалық стартаптар байқауы өз мәресіне жетті. Бұл әлеуметтік жоба Қазақстанда төртінші жыл қатарынан Samsung Electronics компаниясымен жүзеге асырылып келеді. Жобаның серіктесі – «Аяла» жеке қайырымдылық қоры. 21 қыркүйекте Астанада қазақстандық жоғары сынып оқушыларының қатысуымен байқаудың финалы өтті.

Биылғы Solve for Tomorrow байқауы 6 айдан астам уақытқа созылды. Осы жылы оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен рекордтық мөлшерде – 2500-ден астам оқушы қатысты. Қатысушылардың алдында ғылым, технология, инженерлік іс және математика (STEM) арқылы әлеуметтік маңызды мәселені шешу міндеті тұрды. Мұқият іріктеуден кейін жартылай финалға 35 команда өтті. Менторлық сессиялардың қорытындысы бойынша финалға 10 команда жолдама алды. Оларды өз жобаларын таныстыру үшін Астанаға шақырды.

Қорғау және марапаттау рәсімі Astana IT University-де өтті. Оқушылардың жұмыстарын IT саласының сарапшылары: CodiPlay, QazInnovations және басқа да мамандар бағалады. Сонымен қатар іс-шараға Қазақстанның цифрлық даму министрлігі мен Samsung Electronics өкілдері қатысты. Биылғы жылы бәсекелестік өте жоғары болды, қатысушылар мүгедектігі бар адамдардың өмірін жеңілдетуге, ауыл шаруашылығы мен экология саласындағы мәселелерді шешуге көмектесетін жобаларды ұсынды.

Жобаларды мұқият қарастырып, талдағаннан кейін жүлделі орындарды иеленген 4 команда анықталды.

• 1-орын және 4 миллион теңге жүлдесін BIL Astana лицей-интернатының командасы жеңіп алды. Жоғары сынып оқушылары «KazRobotiX» жобасын таныстырды. Бұл егістік алқаптарды өңдеп, мол өнім алуға көмектесетін робот.

• 2-орын және 2,5 миллион теңге Алматы НЗМ оқушыларына берілді. Олардың «Jana Arba» жобасы мүгедектігі бар адамдарға жолдағы кедергілерден оңай өтуге мүмкіндік береді.

• 3-орын және әрқайсысы 1 миллион теңгеден екі Тараз НЗМ командасына берілді. Біріншісі ақылды ара шаруашылығын, екіншісі тілді пайдалану арқылы компьютерден бастап, мүгедектер арбасына дейін әртүрлі техникалық құрылғыларды басқаруға мүмкіндік беретін құрылғыны ұсынды.

Қалған командалар да назардан тыс қалмады. Олардың әрқайсысына байқаудың финалына өтуі үшін 300 000 теңге сертификаттары табысталды.

«Solve for Tomorrow – бұл жай ғана байқау емес, бұл айналасындағы әлемді өзгерткісі келетін пікірлес адамдардың бірігуі. Қатысушылар санының жыл сайын артып келе жатқаны қуантарлық жайт. Біз қазақстандық жасөспірімдердің осындай бастамаларын әрдайым қолдауға дайынбыз», – деп атап өтті Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының Корпоративтік коммуникациялар бөлімінің басшысы Берік Умаров.

Оқушылар үшін байқауға қатысумен ғана шектелмейді. Оларға болашақта Samsung Electronics тарапынан жобаларын дамытуда жан-жақты қолдау көрсетіледі. Жоба туралы толығырақ ақпаратты solvefortomorrow.kz ресми сайтынан білуге болады.

TSARKA қолдауымен