Астанада «Сөз шебері: Үлкен сахна» атты екінші конференция өтеді

2025 жылғы 22 қыркүйекте Астанада «Сөз шебері: Үлкен сахна» конференциясы өтеді.  Іс-шара ұйымдастырушылары – елордадағы шешендік өнер мектебінің түлектерінен құралған Клуб мүшелері. Бүгінде қауымдастық 1500-ге жуық қатысушыны біріктіреді.

Конференцияның тақырыбы – «Байланыс – нәзік жіптей». Ол сөздің күші, шынайылық пен терең адами байланыс мәселелеріне арналады. Іс-шара аясында бірнеше баяндама және спикерлер мен қатысушыларға арналған нетворкинг қарастырылған. Бағдарлама барысында медицина, мемлекеттік қызмет, бизнес, спорт және креативті индустрия салаларындағы сарапшылар сөз сөйлейді. Олар қауымдастық мүшелерінің дауыс беруі арқылы іріктелген.

«Үлкен сахнаның» басты миссиясы – әр адамның өз көзқарасын білдіруінің, тәжірибесімен бөлісіп, естіліп, түсінілуінің маңызын көрсету. Қатысушылар шабыт алып қана қоймай, күнделікті өмір мен мансапта қолдануға болатын нақты құралдар мен лайфхактар алады.

Спикерлер:

● Данияр Құсманов, KMG Engineering;

● Анна Суханова, Hilton қонақ үйінің коммерциялық директоры;

● Римма Бекенова, УДЗ дәрігері;

● Мария Исар, 1С жобаларының жетекшісі;

● Сұлтан Жүсүпов, Oceanman Kazakhstan;

● Тимур Қосымбаев, мемлекеттік қызметкер;

● Нағима Мамлина, перинаталдық нутрициолог;

● Айжан Акакулова, «Сөз күші» сериалының сценаристі әрі режиссері.

Өтетін күні мен уақыты: дүйсенбі, 2025 жылғы 22 қыркүйек, 19:00-22:00 аралығы.

Өтетін орны:Астана қаласы, Қонаев көшесі, 7, Rixos President Astana қонақ үйі, Жерұйық залы.

Еске сала кетейік, «Сөз шебері: Үлкен сахна» конференциясы екінші рет өткізіліп жатыр. Алғашқы конференция 2025 жылғы мамыр айында өтіп, 200-ден астам қатысушыны жинаған болатын. Қосымша ақпарат пен билеттерді сілтеме арқылы алуға болады: masterslova.kz/bigscene.

TSARKA қолдауымен