Bereke Bank Woman in Tech Global саммитіне делегацияның қатысуын қаржыландырды

2025 жылдың сәуір айының соңында Жапонияның Осака қаласында Women in Tech Global 2025 саммиті өтті. Бұл жыл сайынғы саммит инклюзия, жасанды интеллект, блокчейн, киберқауіпсіздік және тұрақты даму мәселелерін талқылауға арналған маңызды халықаралық алаң болып табылады.

Women in Tech – бұл 60-тан астам елдегі технология, ғылым, білім және инновациялық шешімдер саласында жұмыс істейтін әйелдерді біріктіретін халықаралық қауымдастық. Саммит барысында қазақстандық бөлімше, оны Асем Болатжан басқарады, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ең жылдам дамып келе жатқан және үздік чаптер ретінде танылды.

Қазақстандық делегацияның ресми серіктесі және демеушісі Bereke Bank болды. Оның қолдауының арқасында еліміздің ІТ, цифрлық кәсіпкерлік, білім беру және инновация саласындағы сарапшылары саммитке қатысып, жаңа іскерлік байланыстар орнатып, тәжірибе алмасты.

«Саммитте Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен келген делегацияның беделді түрде ұсынылғанын көру қуантты. Әр ел өз күн тәртібімен келді, бірақ бәрімізді ортақ мәселелер біріктірді: цифрлық активтер нарығындағы реттеу өзгерістері, финтех пен стартаптарды қаржыландырудағы қиындықтар, сондай-ақ цифрландыру, тұрақты даму және экологияға әсер ету тақырыптары. Мені дәстүрлі банктердің өзгермелі жағдайда қалай бейімделіп жатқанын айтып беруге шақырды. Бәрін қысқа мерзімде SAFe әдісін енгізудегі тәжірибеміз қызықтырды, бұл біз үшін үлкен өзгерістерге алып келді», – деді Күнсұлу Қапбасова.
«Біз білім беру, тең мүмкіндіктерге қол жеткізу және жүйелі қолдауды тұрақты дамудың кілті деп санаймыз. Bereke Bank өз қызметкерлерінің өзекті құзыреттерін дамыту мен икемді тәсілдерді енгізуге ерекше көңіл бөледі. Қазақстандық қыздарды қолдау және олардың жаһандық күн тәртібіне қатысуы – жаңа жобалар мен серіктестіктерге жол ашады», – деп атап өтті Bereke Bank басқарма төрағасының орынбасары Алина Аникина (ДБ Lesha Bank LLC (Public)).

Women in Tech ұйымымен серіктестік аясында банк цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары мен бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Мәселен, 2024 жылдың наурыз айында Bereke Bank бизнес-аналитиктер мектебінің алғашқы легін іске қосты – бұл IT саласындағы алғашқы қадамдарын жасайтын қыздарға арналған білім беру жобасы. Бағдарламаға 263 қыз өтінім беріп, солардың ішінен 34 үздік қатысушы тегін оқуға мүмкіндік алды.

TSARKA қолдауымен