Битрикс24 Қазақстан Documentolog сервисімен бірге электрондық құжат айналымын іске қосты
Бизнесті басқаруға арналған бағдарламалық жасақтаманың жетекші әзірлеушісі Битрикс24 Қазақстан пайдаланушыларға Documentolog Business сервисімен интеграция жасап, құжат айналымын онлайн режимде жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл қызмет қазақстандықтарға 2025 жылдың 3 шілдесінен бастап қолжетімді.
Енді қолданушылар ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қол қояалады, мұны Битрикс24 CRM жүйесінде тез және құжатты басып шығармастан жасайды. Қазақстандық Documentolog сервисімен интеграция клиенттің карточкаларынан немесе мәмілелерден құжаттарды жасап, келісуге және жіберуге мүмкіндік береді. ЭЦҚ, eGov QR немесе SMS арқылы қол қоюға болады. Сервис130 000-нан астам компания арасында файл алмасуды қолдайды.
Бизнеске не береді?
- Уақытты үнемдеу. Енді құжаттарды жүктеп, қолмен жіберудің қажеті жоқ. Барлық жұмыс бір терезеде жүргізіледі.
- Құқықтық маңызы. Documentolog арқылы қол қойылған құжаттар ҚР заңнамасына толық сәйкес келеді.
- Ашықтық. Жіберілген құжаттардың мәртебесін тікелей Битрикс24 интерфейсінде бақылауға болады.
- Қауіпсіздік. Деректер қорғалған, процесс АҚ талаптарына бағынады.
Интеграцияны орнату және іске қосу 5 минуттан аспайды. Қосымшаны орнатып, Documentolog-қа тіркеліп, құжаттытаңдау және оны қол қоюға жіберу қажет. Келісімшарттар, актілер мен шоттар, коммерциялық ұсыныстар, қол қоюды қажет ететін кез келген басқа құжаттар үшін таптырмас шешім.