Битрикс24 Kazakhstan эмоцияларды тану жүйесін және ЖИ-агенттерді таныстырды

Жаңартылған жүйенің өзегінде – жасанды интеллект жатыр. Енді Битрикс24 – AI-агенттер мен эмоцияларды тануға қабілетті BitrixGPT технологияларын біріктірген толыққанды бизнес-платформа.

Битрикс24 Қазақстан өз тарихындағы ең ауқымды жаңартулардың бірін таныстырды. Жаңа нұсқа «Космос» деп аталды.

«Космос тақырыбына сілтеме жасау – бұл Битрикс24 үшін дәстүрге айналған. Себебі сервистің алғашқы нұсқасы 2012 жылдың 12 сәуірінде, Дүниежүзілік ғарышкерлер күні іске қосылған болатын. Бұған дейінгі нұсқалар «Гравитация», «Салмақсыздық» деп аталып, жаңа релиз осы үрдісті жалғастырды», – деді Битрикс24 Қазақстан директоры Сармантай Қасенов. 
«Космос» жаңартуы – бұл тек атау емес, командалық жұмысты жаңа деңгейге көтеруді мақсат еткен символдық жоба. Ғарышты бағындыру – мыңдаған адамның үйлесімді еңбегі мен жоғары координациясының нәтижесі. Сол сияқты Битрикс24-те командалық жұмысты тиімді, жүйелі және жылдам етуге бағытталған. Жаңа жобалардың таныстырылымын көрермендер тікелей эфирде тамашалады», – деп түйіндеді Сармантай Қасенов.

Битрикс24 AI-агенттері 

Қазіргі таңда жасанды интеллект компаниялардың күнделікті жұмысының маңызды бөлігіне айналды. Көптеген басшылар чат-боттармен кеңесіп, нейрожелілерге күнделікті тапсырмаларды тапсырады. Битрикс24 бұл бағытта нақты шешім ұсынды – AI-агенттер.

AI-агент – бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, мақсатты түсінетін және оған жету жолын өздігінен таңдайтын арнайы бағдарлама. Ол міндеттерді орындау үшін нақты шешім қабылдап, нәтижеге қол жеткізеді. Битрикс24 жүйесіндегі агент – Марта AI. Ол енді тек порталдың ішкі процестерін басқарумен шектелмей, сыртқы сервистермен де өзара әрекеттесе алады. Бұл мүмкіндік MCP (Model Context Protocol) технологиясының арқасында жүзеге асқан. MCP – жасанды интеллектке кез келген жүйелермен, мысалы CRM немесе бұлтты сервистермен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін бірыңғай хаттама. Мысалы, пайдаланушы AI-агентті Gmail поштасымен байланыстырып, барлық хаттарды жеке-жеке қарап шығудан босай алады. Битрикс24 чатында агенттен қажет ақпаратты сұрау жеткілікті – жүйе деректерді өзі тауып, нақты жауап береді.

Жаңа нұсқада AI-агенттерге арналған бөлек бөлім пайда болды. Мұнда агенттерді жеке қызметкерлерге немесе бүкіл компанияға қосуға болады. Алғашқы кезеңде үш дайын сценарий қолжетімді:

Білім қорынан ақпарат іздеу агенті. Қажетті құжаттарды жүктеу жеткілікті – қызметкерлер чат арқылы сұрақ қойып, нақты жауап ала алады.

Қызметкерлерді оқыту және тестілеу агенті. Басшы мен маман арасында екі чат ашылады. Басшы ЖИ көмегімен тест дайындайды, қызметкер жауап береді, агент нәтижені есептеп, басшыға жолдайды.

Жобаларды басқару агенті. Ол жобаның барысын қадағалап, тәуекелдер мен нәтижелер бойынша қысқаша есеп дайындайды.

Пайдаланушылар сонымен қатар AI-агенттер конструкторы арқылы өз сценарийлерін жасай алады. Бұл құрал CRM, міндеттер, бизнес-процестер және сыртқы сервистердегі барлық операцияларды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

AI міндеттер

Жаңа Битрикс24 жүйесінде енді жұмыс чаттарындағы әңгімелер нақты жобалар мен тапсырмаларға айналады. Ең қызығы – бұның бәрін жасанды интеллект өздігінен орындайды.

Күнделікті жұмыс барысында командалар көптеген мәселелерді чаттарда, көбіне дауыс арқылы талқылайды. Бірақ осындай әңгімелерден туындаған тапсырмалар жиі жоғалып кетеді немесе жазып үлгерілмейді. Енді бұған уақыт пен күш жұмсаудың қажеті жоқ – жаңа Битрикс24 бұл мәселені түбегейлі шешеді. Жүйеге енгізілген BitrixGPT технологиясы чаттағы дауыс пен бейне хабарламаларды тыңдайды, олардағы тапсырмаларды автоматты түрде анықтап, нақтылайды. Ол тапсырманың мазмұнын жазады, орындаушыны және мерзімін белгілейді. Яғни, әріптестер тек сөйлеседі – ал AI әдепкі істерді өз мойнына алады. Нәтижесінде коммуникация жеңілдеп, жұмыс барысы айқын және жүйелі түрде ұйымдастырылады. 

Мессенджер: AI, эмоцияларды тану және бейне хабарламалар

Битрикс24 мессенджері – компания ішіндегі коммуникацияға арналған ең озық құралдардың бірі. Ол функционалдық мүмкіндіктері, қауіпсіздігі, қосымша опциялары және ендірілген AI арқылы ерекшеленеді. Жаңа нұсқада пайдаланушылар аудио және бейне хабарламаларды жазып, оларды BitrixGPT көмегімен мәтінге айналдыра алады. Бұл қызмет тек жазбаны оқып беріп қана қоймай, сөйлесудегі жеті түрлі эмоцияны анықтап, олардың өзгерісін де бақылай алады.

Мысалы, қызметкер демалыстан кейін жұмысқа оралғанда, топтық чатқа кіріп, AI-көмекшіге «мен жоқ кезде не талқыланды?» деп сұрай алады. BitrixGPT оған қысқаша мазмұнын дайындап береді – барлық хабарламаларды жеке-жеке оқып шығудың қажеті болмайды.

BitrixGPT 5 – жаңа буын моделі

Битрикс24 жүйесіндегі көптеген процестерде жасанды интеллект бар. Оларға енді BitrixGPT 5 жауап береді. Ол жылдам әрі дәл жауаптар береді және сапасы жағынан OpenAI, Google, Anthropic модельдерімен тең деңгейде.

Жаңа онлайн-жазылу жүйесі

Жаңартылған онлайн-жазылым құралы компания ресурстарын 100% тиімді пайдалануға көмектеседі.

Негізгі жаңалықтар:

• Клиенттер бірнеше күнге, аптаға немесе айға алдын ала жазыла алады.

• Өздігінен жазылу формалары Яндекс Карталарда қолжетімді – клиенттер қызметке жазылып, бірден төлем жасай алады.

• Оқиғаларға тауарларды қосу мүмкіндігі пайда болды. Мысалы, интернет орнату қызметіне бірден Wi-Fi роутерді тіркеп, клиентке бірге ұсынуға болады.

• Төлемнен кейін ғана брондау қызметі қосылды – бұл жалған жазылымдардың алдын алады.

Жаңартылған пошта

Мобильді қосымшадағы және компьютердегі пошта толық жаңартылды – енді ол жеке бөлім ретінде жұмыс істейді және CRM, міндеттер, күнтізбе мен мессенджермен тығыз байланысқан. Қызметкерлер хаттардан тікелей мәміле құра алады, міндет жасап, кездесу белгілей алады, сондай-ақ хаттарды чаттарға жібере алады.

Жаңа «Битрикс24 Космос» – жасанды интеллектке негізделген толыққанды экожүйе. Эмоцияларды тану, AI-агенттер, дауыстық хабарламаларды талдау және сыртқы сервистермен интеграция сынды жаңартулар компаниялардың өнімділігін арттырып, командалардың уақытын үнемдеуге көмектеседі.

TSARKA қолдауымен