Бүгін Қазақстанда Бірыңғай QR іске қосылады
Орталық Азия Fintech Summit алаңында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов өткен жылы ұсынылған «Цифрлық Ұлттық банк» тұжырымдамасын іске асыру нәтижелері туралы айтты. Оның сөзінше, бастамалардың бір бөлігін жоспарланған мерзімнен бұрын орындауға мүмкіндік болған.
Цифрлық теңге: пилоттан тұрақты жүйеге
Сүлейменовтің айтуынша, жыл басты жетістігі — цифрлық теңгенің пилоттық жобадан тұрақты жұмыс істейтін құралға айналуы.
Екі жыл бұрын тестілік режимде іске қосылған цифрлық теңге қазір мемлекеттік транзакциялардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қолданылады — оның ішінде Ұлттық қордан және бюджеттен аударымдар бар.
«Біз цифрлық теңгені банк сервистерімен бәсекелестікке емес, мемлекеттік шығыстарға бағыттауды саналы түрде таңдадық. Және бұл құрал қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр», — деді Ұлттық банк басшысы.
Жақын уақытта цифрлық теңге квазимемлекеттік секторға да енгізілетін болады.