CRM Conf-2024 сарапшылары қазақстандық бизнесті дамытудың жаңа бағыттарын талқылады

Битрикс24 Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі CRM Conf-2024 бизнес форумында әртүрлі елдердің үздік спикерлерін жинады. Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылған шара «Бизнесті өзгертетін технологиялар» тақырыбында өтті.

Форумның толық нұсқасын сілтеме бойынша көре аласыздар.

Жылдағы дәстүрге сай іс-шара цифрлық дәуірде бизнесті табысты ететін мәселелерді сөз етті. Спикерлер, кәсіпкерлер мен сарапшылар нақты кейстермен бөлісті. Олар жүйелі түрде сатылымдар құру, іскерлік келіссөздер жүргізу технологиялары туралы айтты. Ұрпақтар сабақтастығы және жеке еңбек ұжымдары контекстінде кадрларды ұйымдастыруды талқылады.

Анна Тимофеева, персонал және мансаптық менеджмент саласындағы сарапшы-практик, әртүрлі ұрпақ мамандарын жұмысқа алу тәсілдерін әңгімеледі:

«Табысты компанияда барлық жас топтарындағы қызметкерлер арасында үйлесімділік болуы керек. Мысалы, «зумерлер», цифрлық сауаттылық буынының өкілдері. Оларды технология және өз бетінше шешім қабылдау қабілеті ынталандырады. Бұл адамдар тәжірибе жасаудан қорықпайды және батыл стартаптар мен инновацияларға ашық. Қазір осы санаттағы қызметкерлермен жұмыс барысында шығармашылық және тәлімгерлік тәжірибесін қолданамыз».

Михаил Беляев, Битрикс24 білім беру бағдарламаларының жетекшісі, евангелист, AI қашан маркетологтар мен сатушыларды алмастыратыны туралы айтты:

«Соңғы уақытта жасанды интеллект өте жылдам дамып келеді. Технологияда жаңа секіріс болған кезде біз қызмет профилін бірден өзгертеміз. Бұрын әдеттегі тапсырмалармен көбірек айналысатынбыз, қазір біз стратегияға басымдық береміз, мысалы, нарыққа қандай тәсілмен бару керек деген сияқты. Жасанды интеллектпен кеңесеміз. Битрикс24-те жасанды интеллектті екінші ұшқыш ретінде қарастырамыз. Оның көптеген дағдылары бар, дегенмен ол адамды істен шығара алмайды. Тек жасанды интеллектті қалай қолдану керектігін білетіндер мен білмейтіндер арасында бәсекелестік болады».

Сондай-ақ келесі спикерлердің толық трансляциясын көруге болады:

–      Жанар Махамбетова, Қазақстан және ТМД елдеріндегі Yandex Cloud CMO;

–      Андрей Гавриков, цифрлық маркетинг бойынша сарапшы және тәлімгер;

–      Маргарита Боярова, қазақстандық кәсіпкер; қазақ тілін өздігінен оқуды насихаттаушы;

–      Сергей Нотевский, Битрикс24 өнім менеджері және  AI евангелисті;

–      Асель Машанова, LULU GROUP жобаларының негізін қалаушы;

–      Әділ Тасболатов, Royal Flowers гүл дүкендері және Crem кондитерлік өнімдер желісінің негізін қалаушы;

–      Маржан Өтеген, қазақстандық кәсіпкер.

Конференцияның толық нұсқасын қараңыз, CRM Conf Telegram арнасында қазақстандық нарықтың табысты қатысушыларымен байланысыңыз: https://t.me/crmconf2024


TSARKA қолдауымен