Дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтерге лицензия беру толық автоматтандырылды

Денсаулық сақтау саласы бойынша дезинсекция, дератизация бойынша қызметтерге лицензия беру толықтай автоматтандырылды. Енді азаматтар elicense.kz порталы арқылы 15 күннің ішінде лицензия ала алады.

Бұл қызметтің түрі 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылған. Бір сөзбен айтқанда, заңды тұлғалар және жеке кәсіп иелері үшін бұл өте қолайлы. Мәселен жаңа лицензия алу үшін 15 күн уақыт кетсе, қолданыстағы лицензияны қайта ресімдеу үшін 3 тәулік күтсеңіз жеткілікті.

Айта кетейік, лицензия әр азаматтың тұрғылықты жері бойынша беріледі. Ал оны Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері жүзеге асырады.

 Лицензия алу үшін:

- elicense.kz порталында авторизация жасау және «Денсаулық сақтау» бөліміне өту;

- қызметтер тізбесінен «Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензия беру» таңдау;

 - барлық қажетті өрістерді толтыру, файлдарды жүктеу және мемлекеттік бажды төлеу;

 - ЭЦҚ/QR көмегімен қызметке қол қою қажет.

Осы шарттарды орындағаннан кейін мемлекеттік орган дұрыс деп тапса, лицензия түріндегі рұқсат құжаты elicense.kz порталындағы пайдаланушының «Жеке кабинетіне»  «Лицензиялар» модуліне жіберіледі. Ал өтініш бойынша бас тартылған жағдайда «Менің өтініштерім» модулінде дәлелді бас тартудың нәтижесі сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, дезинфекция, дезинсекция және дератизация бойынша қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері лицензияны 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін алуы міндетті.

 Лицензия беру кезінде 10 АЕК мөлшерінде, 1 АЕК қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алым төленеді. Төлем банктің кез келген бөлімшесінде заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің тіркелген жері бойынша Салық органының атына жүзеге асырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін мында хабарласуыңызды сұраймыз:

«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы

Жайнагүл Сейдахметова

+7 778 602 26 26

press@nitec.kz;

www.nitec.kz

TSARKA қолдауымен.