eGov.kz порталында автокөлік тарихын тексеру сервисі қолжетімді болды

Қазақстандықтар автокөліктің иелік ету тарихы туралы барлық ақпаратты eGov.kz порталындағы «Автокөлік тарихы» сервисі арқылы тексере алады. Сервис пайдаланушыларға автокөлікті сатып алмас бұрын оның тарихын тексеруге көмектеседі.

Сервистің енгізілуі пайдаланушыға ықтимал сатып алу туралы қосымша ақпаратпен танысуға және сәйкессіздіктер туындаған жағдайда бірқатар мәселелерден сақтануға мүмкіндік береді. Тексеру үшін сатушыдан көліктің мемлекеттік нөмірін және техникалық төлқұжат нөмірін білу қажет.

«Автокөлік тарихы» сервисі келесі ақпаратты ашады:

• автокөлік маркасы және шығарылған жылы;

• қозғалтқыш көлемі, кузов түсі және орнатылған қосымша жабдықтардың болуы;

• автокөліктің Қазақстан Республикасы аумағында бастапқы тіркелген күні;

• алдыңғы иелерінің жалпы саны және автокөлікті қайта тіркеу күндері (иелердің жеке деректерін көрсетпей);

• автокөліктің кепілде немесе ауыртпалықта болуы.

Автокөлік туралы ақпарат алу үшін пайдаланушыға:

eGov.kz порталына кіру, «Автокөлік тарихы» сервисіне өту;

«Көліктің мемлекеттік нөмірін (ГРНЗ)» және «Көлікті тіркеу куәлігі нөмірін (СРТС)» енгізу;

автокөлік туралы ақпаратпен танысу қажет.

Сервис Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

TSARKA қолдауымен