Фармацевтикалық қызметті лицензиялау e-License порталында қолжетімді

Қазақстанда жеке және заңды тұлғаларфармацевтикалық қызметке лицензияны e-License порталы арқылы ала алады. Өтінішті кез келген уақытта беруге болады, ал лицензияны ресімдеу процесі 15 жұмыс күнінен аспайды.

 Фармацевтикалық қызметке лицензия – бұл ұйымға фармацевтика саласында қызмет жүргізуге құқық беретін міндетті құжат. Лицензия түрлі қызмет түрлерін қамтиды, мысалы, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау, дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сату, сондай-ақ олардың өндірісі. Өтінім беруші лицензияны алу үшін e-License порталында өтінімді рәсімдеп, қажетті нысандарды толтырып және біліктілік талаптарына сай екенін растауы керек. 

Қызметті пайдалану үшін:

− elicense.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» - «Қызметті лицензиялау» - «Фармацевтикалық қызмет» бөлімін таңдау қажет;− қажетті қызмет түрін таңдап, «Әрі қарай» батырмасын басу керек;− қызмет паспортында қажетті құжаттар тізімімен танысып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет;− лицензия берушіні таңдап, қажетті мәліметтерді толтырып, лицензиялық алымды төлеу керек;− өтінімді ЭЦҚ немесе QR-код арқылы қол қою арқылы жіберу қажет.

Лицензияны алу құны 10 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды, ал рәсімдеу процесі 15 жұмыс күнін алады. Лицензияны қайта рәсімдеу өтінім берушіге бекітілген мөлшерлеменің 10%-ын құрайды және бар болғаны 3 жұмыс күні ішінде аяқталады.

Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстанда фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға 906 рұқсат құжаты берілсе, 2024 жылдың басынан бері 691 құжат рәсімделді.

Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды. 

TSARKA қолдауымен