Гидтерге арналған «E-Гайдс» цифрлық платформасы Қазақстанда әзірленді

Туризм және спорт министрлігі гидтердің қызметін реттеу және елдегі туристік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жасалған жаңа «E-Гайдс» цифрлық платформасын таныстырды.

Бұл сервис туристерге біліктілігі расталған, сенімді мамандарды жылдам табуға және олардың өзекті байланыс деректерін көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүйеде гидтердің білімін бағалау құралдары мен оқу материалдарына қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Тексеруден өткен кәсіби мамандар өздерінің мәртебесі мен біліктілігін растайтын бірыңғай бейдж алады. Бұл ресми гидтерді бейресми қызмет көрсететіндерден оңай ажыратуға көмектеседі.

Бүгінгі таңда платформада 380 гид тіркелген, олардың 94-і кәсіби деңгейін дәлелдеп, бейдждерін алды.

Бұл цифрлық құрал қонақжайлылық индустриясындағы ашықтықты, сенімділікті және стандарттарды арттыруға, ал туристерге — қауіпсіз әрі саналы таңдау жасауға септігін тигізеді.

TSARKA қолдауымен