Геймификация Қазақстандағы электронды оқулықтарға қойылатын талаптардың қатарына кіреді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқулықтардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді.

2024 жылдың 7 қазанынан бастап күшіне енетін бұйрыққа 13 жаңа тармақ қосылды.

Электронды түрде ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптарға қосымша енгізілетін ережелер:

• түсінікті (қолайлы) интерфейсті қолдану;

• кері байланыс пен бақылау құралдарын пайдалану;

• навигациялық нұсқаулықтардың болуы;

• мультимедиялық контент пен интерактивті тапсырмалардың болуы;

• негізгі тақырыптар, ұғымдар мен терминдерге гиперсілтемелер арқылы түсініктемелер мен сөздіктерге қол жеткізу мүмкіндігі;

• ақпаратты тік орналасқан, айналдыруға болатын HTML беттерінде беру;

• кеңінен таралған компьютерлер мен мобильді құрылғыларда және олардың операциялық жүйелерінде (Windows, Mac OS, Android, IOS) жұмыс істеу мүмкіндігі;

• жалпыға қолжетімді браузерлер мен оқу бағдарламаларын, соның ішінде сыртқы ақпарат тасымалдағыштарда пайдалану;

• аудио және бейнематериалдарды ойнату үшін қосымша плагиндерді орнату қажеттілігінің болмауы;

• контентті онлайн режимінде қолжетімді электронды білім беру платформаларында және офлайн режимде қолжетімді сыртқы тасымалдағыштарда орналастыру;

• электронды оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді онлайн режимде пайдаланатын педагогтар, оқушылар немесе ата-аналардың жеке деректерін қауіпсіз сақтау және пайдалану;

• мәтіндік ақпараттың электронды типография нормаларына сәйкестігі;

• мәтін фрагменттерін веб-шолғыш құралдары арқылы іздеу және көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін форматты қолдану және электронды құжаттардың әртүрлі кеңейтімдеріне сәйкестігі;

• қаріп немесе бетті (экранды) масштабтау (үлкейту және кішірейту) мүмкіндігі;

• жалпыға қолжетімді кеңейтімдерге сәйкес келетін сурет форматын қолдану;

• иллюстрацияларды векторлық немесе растрлық форматта орындау;

• суреттердің (карталар, схемалар, кестелер, графиктер, сызбалар) өлшемі кемінде бір жағы 300 пиксель болатын жалпыға қолжетімді форматта орындалуы;

• бейнематериал форматының жалпыға қолжетімді кеңейтімдерге сәйкестігі;

• бейнематериалдың ажыратымдылығы кемінде 1280x720, арақатынасы 16:9 болуы;

• бейнематериалдың экран алаңын толығымен қамтуы;

• аудиоматериалды AAC, AC3, OGG, Mp3, Mp4 форматтарында орындау, екі арнада (стерео) ойнату;

• деңгейлік саралау, оқу процесін дараландыру және жекешелендіру үшін материалдардың болуы;

• геймификация элементтерінің болуы;

• жаратылыстану пәндері бойынша виртуалды зертханасы бар дидактикалық материалдардың болуы.

TSARKA қолдауымен