Go Ahead Алматыда Digital Discovery 3.0 конференциясын өткізеді
Digital Discovery конференциясының үшінші маусымында Go Ahead командасы тағы да бизнес иелері, C-level менеджерлер мен digital саласында шешім қабылдайтын мамандарды жинап, тиімді digital-маркетингті қалай құру керектігін талқылайды. Бағдарламада performance пен медиялық жарнама арасындағы таңдау, мобильді қосымшалар өсімі және маркетинг стратегиясын құрудағы деректердің рөлі сияқты маңызды тақырыптар қамтылады.
Конференция бағдарламасында:
• «Performance vs. Media жарнама» атты пікірталас панелі
• Мобильді қосымшалардың өсім құпиялары: жасырынды жария ету
• Performance тиімділігін қалай бағалауға болады
• Data-Driven Growth: Adjust арқылы performance баптау
• Миллионды іздеу: программатик-жарнамамен жұмыс істеу және талдау
• Маркетологқа арналған Big Data: небәрі 2%…
• «Агенттік vs. In-house» пікірталас панелі
Бағдарлама жаңартылып отырады.
Конференцияның жүргізушісі — Анастасия Васильева, Go Ahead компаниясының Business Development директоры. Сарапшылық пікірлерімен бөлісетіндер:
• Рита Бесходарная, Eastern Europe Team Lead, AppsFlyer
• Полина Франдлих, Buying Director, Go Ahead
• Ильнур Сибгатулин, Google және DV 360 сарапшысы / «99 теңге» қауымдастығының негізін қалаушы
• Дмитрий Сафронов, Adjust компаниясының Шығыс Еуропа бойынша аккаунт-менеджері
• Марк Поморцев, Business Director, Go Tech
• Шерали Джурабаев, Predictory AI компаниясының Co-Founder және CMO
Digital Discovery қонақтарын екі пікірталас панелі күтеді.
«Performance vs. Media жарнама» тақырыбындағы пікірталасты Mosaic Agency серіктесі — Ғани Жарқынбаев жүргізеді. Қатысушылар:
• Алексей Радиванович, Admixer Advertising CEO
• Екатерина Щипачёва, CMO Pandora, Intertop Kazakhstan
• Антон Шуваков, Kupipolis.kz интернет-сату департаментінің директоры, «Сентрас Иншуранс»
• Андрей Симончик, AMDG.KZ директоры
• Әсел Макулбекова, Halyk Bank маркетинг және PR департаментінің директоры
«Агенттік vs. In-house» екінші пікірталас панелін Медиахолдинг 31 бренд-менеджері — Аида Татаева жүргізеді. Қатысушылар:
• Ахмет Нажмаддин, 1Fit компаниясының Орталық Азия және Кавказ бойынша CMO
• Тимур Сұлтанбек, TechnoDom маркетинг директоры
• Наталья Трегубова, LOTTE Rakhat CMO
• Артемий Овчаренко, Airba Fresh / Technodom бұрынғы CMO
• Татьяна Соколова, STADA компаниясының Eurasia Strategic Digital Marketing Lead
Конференция бағдарламасымен лендинг арқылы танысуға болады. Ресми бөлімнен кейін қатысушыларды сыйлықтар ұтысы, нетворкинг және алма бағындағы after-party күтеді!
Іс-шараға қатысу тегін, бірақ орын саны шектеулі. Қатысу үшін тіркеу қажет.
Өтетін уақыты мен орны:
Күні: 16 мамыр
Тіркеу басталуы: 13:00
Мекенжай: Алматы, GAIA Event Space, Луганский көшесі, 54/5.