Голливудта қазақстандық «TWO» сериалыныңтұсауы кесілді
Unico Play онлайн-кинотеатры түсірген «TWO» телехикаясы АҚШ-тағы тәуелсіз кинематографияның бастышарасы беделді Dances With Films фестивалінің(DWF:LA) ресми бағдарламасына енді.
Жобаны 21 маусымда басты рөлдердің бірін орындаушыСанұржан Сүлеев «Жұлдыздар соғысы», «Унесённые ветром» фильмдерінің және соңғы жылдардағы ондаған еңірі жобалардың премьералары өткен Голливудтың қақортасындағы әйгілі TCL Chinese театрында таныстырды.Жобаның тұсаукесерін акриса Айжан Лайжи да қолдады.
«TWO» — Қазақстанның халықаралық аренадағы үні
Қазақстанда «TWO» телехикаясы түсіріліп жатқанда-ақ, әлемдік фестивальдер жобаның әлеуетін жоғары бағалапүлгерді. Бұған дейін сериал MIPCOM (Канн) халықаралықконтент нарығының Fresh TV бағдарламасына іріктеліпалынған алғашқы қазақстандық жоба болды, онда олNetflix, STUDIOCANAL және Beta Film сериалдарыменқатар ұсынылды.
Енді «TWO» Лос-Анжелестегі Dances With Filmsфестиваліне қатысып, жаңа белеске шығады, бұлхалықаралық аудитория мен Солтүстік Америкадағы кәсібиқауымдастыққа жол ашады.