Halyk Bank: адамдарды қысқартпайды, керісінше оларды жасанды интеллектпен жұмыс істеуге үйретеді
Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова CENTRAL ASIA FINTECH SUMMIT барысында банктағы жасанды интеллектті енгізу жаппай кадр қысқартуға әкелмейтінін, керісінше қызметкерлердің қайта даярлаудан өтетінін айтты.
Банкте процестерді оңтайландыруға бағытталған Zero Waste Office бағдарламасы жұмыс істейді. Бірақ оның мәні — «адамдарды ЖИ-мен ауыстыру» емес, қызметкерлерді ЖИ-мен тиімді жұмыс істеуге үйрету.
«Біздің міндет — адамдарды AI-ға ауыстыру емес, AI-мен жұмыс істей алатын қызметкерлерді қалыптастыру. Біз қысқартуға емес, **біліктілікті арттыруға инвестиция саламыз», — деді Шаяхметова.
Halyk ішкі оқыту бағдарламаларын белсенді дамытуда — жұма сайынғы “көшбасшылар көшбасшыларды үйретеді” лекцияларынан бастап, сыртқы тренингтер мен сарапшылармен консультацияларға дейін.