Halyk Bank жасанды интеллект орталығын құрды

Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова CENTRAL ASIA FINTECH SUMMIT барысында банктың Жасанды интеллект орталығы енді сынақ алаңы емес, толыққанды табыс әкелетін орталыққа айналғанын айтты.

Оның сөзінше, Halyk Bank үш жыл бұрын ЖИ-мен жұмыс істей бастаған — технологияларды зерттеуден толыққанды орталық құруға және ЖИ-ді барлық бағыттар бойынша масштабтауға көшкен.

Бүгінде ЖИ маркетингте, тәуекелдер басқаруында, HR, құқықтық департаментте, контакт-орталықта және киберқауіпсіздікте қолданылады — скорингтен және аналитикадан бастап дипфейктер мен алаяқтыққа қарсы күреске дейін.

«Біз қазір нақты KPI қойып, тиімділікті өлшеп, ЖИ-дің сатуды арттырып, процестерді қалай жақсартатынын түсініп отырмыз. Бұл қазірдің өзінде пайда әкелуде», — деп атап өтті Шаяхметова.

TSARKA қолдауымен