Huawei Қазақстандағы 48 жоғары оқу орнында ICT Competition 2025-2026 Roadshow бағдарламасын бастады
Қазақстанда Huawei ICT Competition 2025-2026 Roadshow кең ауқымды білім беру туры басталды. Бағдарлама елдің 48 жоғары оқу орнын қамтып, мыңдаған студенттерге озықтехнологиялармен тікелей танысуға және АКТ саласыныңәлемдік көшбасшысынан тәжірибелік білім алуға бірегеймүмкіндік береді.
Roadshow аясында студенттер Huawei-дің жаһандықбастамалары мен компанияның цифрлық экономиканыдамытуға қосқан үлесі туралы біледі. Сондай-ақ, бұлттытехнологиялар, желілік инфрақұрылым, киберқауіпсіздікжәне жасанды интеллект бағыттарындағы инновациялықшешімдермен танысады. Ерекше назар Huawei ICT Academy бағдарламасына аударылып, ол студенттерге эксклюзивтібілім беру материалдарына, халықаралық сертификаттауғажәне жаңа мансаптық мүмкіндіктерге қол жеткізуге жолашады.
Roadshow барысында Huawei ICT Competition 2025-2026 халықаралық байқауы іске қосылады. Қазақстан студенттері әлемнің түкпір-түкпірінен келген құрдастарымен қатарқатысып, жаңа білімге қол жеткізіп, халықаралық тәжірибежинап, цифрлық болашақтың есігін ашады.
Huawei ICT Competition 2025-2026 Roadshow бағдарламасына қатысу студенттерге халықаралық сарапшылардың тәжірибесімен жақын танысуға, кәсіби байланыстар орнатуға және АКТ саласындағы дамудың өздеріне мүмкіндік жағынагбағыттарын айқындауға жәрдем береді. Көпшілігі үшін бұл табысты кәсіби мансапқаалғашқы қадам әрі оқу кезеңінде-ақ еңбек нарығындабәсекелік артықшылыққа ие болу мүмкіндігі болады.
Huawei компаниясы Қазақстандағы АКТ-білім беруді қолдауды дәстүрге айналдырып, студенттерге заманауи білім мен технологияларға кеңінен жол ашып отыр. ICT Academy мен ICT Competition бағдарламалары арқылы жылсайын көптеген қазақстандық жастар жаңа білім алу жәнекәсіби даму мүмкіндіктерін иеленеді. Бұл бастамалар цифрлық экономиканың орнықты дамуына мықты іргетас қалыптастырып, елдің жаңғыруына өз үлесін қосатын жаңа мамандарды даярлауға жағдай жасайды.