Huawei цифрлық трансформация аясында Астанада 10G желісін сынақтан өткізеді
2025 жылғы 16 маусымда Астана қаласында "Орталық Азия – Қытай" екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы өтті. Форум аясында Huawei Technologies Kazakhstan және «Astana Innovations» АҚ өзара түсіністік туралы маңызды меморандумға қол қойды. Бұл құжат Қазақстанда цифрлық технологиялармен телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашады.
Бұл стратегиялық қадам Астанада Huawei компаниясының 10G кең жолақты желісін демонстрациялық тестілеу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды қамтиды. Бұл шешім байланыс сапасын, цифрлық арналардың тұрақтылығын және smart city шешімдерін одан әрі дамытуға бағытталған жаңа буынның жоғары жылдамдықты қызметтерін енгізудің технологиялық негізі болады.
Жоба Астана қаласы әкімдігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының қолдауыменжүзеге асырылады. Басқарма қала ортасына инновациялық технологияларды енгізуді қадағалайды және мемлекеттік сектор мен технологиялық серіктестер арасындағы байланыстырушы рөлатқарады.
Меморандум инновациялық технологиялар мен телекоммуникациялық жүйелердің тұрақты дамуы үшінжаңа мүмкіндіктер ашатын Қазақстанды цифрландырудың негізгі элементіне айналады.