Елімізде енді жол-құрылыс материалдарының сапасын кез келген адам тексере алады

Қазақстанда жол-құрылыс материалдарының сапасын тексеретін цифрлық платформа енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның бас директоры Болатбек Айтбаев мәлімдеді.

Болатбек Айтбаевтың айтуынша, республика бойынша жолдардағы анықталған ақаулар «ҚазРоадЛаб» жүйесі арқылы бақылауға алынады. Яғни, кез келген тұрғын жолдың сапасы және құрылыс барысы  туралы ақпаратты осы платформа арқылы біле алады.

Әзірге бұл жоба еліміздің төрт өңірінде ғана  жұмыс істеп тұр.

 “Жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылайтын және құрылыс материалдарының сапасын тексеретін электронды жүйе әзірленіп жатыр. Бұл - «Е-құрылыс» ақпараттық жүйесіне ұқсас дүние. Яғни, жолға қатысты барлық мәселелер цифрлық платформада сақталады. Сондай-ақ бұл жүйе өз міндетін дұрыс орындамағандардың жұмысын қабылдамайды”, - деді Болатбек Айтбаев.

Айта кетейік, бұл жоба 2025 жылы толықтай жүзеге асады.

TSARKA қолдауымен.