Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылмақ
Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді. Оның айтуынша, платформаны әзірлеу жұмыстары басталып кеткен.
Платформа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы әртүрлі деректердіді бір арнаға біріктіреді.
Вице-министрдің айтуынша, бұл деректерге коммуналдық төлемдер, e-ПИК/МИБ және iKOMEK109 бірыңғай төлем құжатының түбіртектері кіреді. Сондай-ақ жобаға байланысты тұрғын үй инспекциясының коммуналдық қызметтері мен жұмыс процестері цифрландырылатын болады.
Айта кетейік, платформа жақсырақ және теңдестірілген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саясатын қалыптастыру үшін онлайн форматта деректерді жинау үшін құрылуда.
TSARKA қолдауымен