Еуразиялық банк Қазақстан қалаларын көгалдандыруды қолдау мақсатында жаңа Экокартасын іске қосты
Еуразиялық банк экологияны қолдайтын клиенттерге арналған жаңа дизайндағы Экокартаны ұсынады.
Еуразиялық банк Mastercard-пен бірлесіп, табиғатты қорғауға үлес қосатын адамдарға арнайы жасалған жаңа дизайндағы Экокартаны іске қосқанын хабарлайды. Экокарта әдеттегі төлем функцияларына қоса, қосымша артықшылықтарға ие — әрбір транзакциядан 1% бонус көгалдандыру және қалдықтарды қайта өңдеу жобаларына бағытталады, бұл қалаларды таза және жасыл етуге септігін тигізеді.
Жаңа дизайндағы Экокартаны шығару аясында банк қызметкерлері Алматы Ботаникалық бағындағы «Шөптер мен гүлдер бағы» аумағына бадам ағашынан тұратын композиция отырғызды.
Экокартаның серіктестері ретінде Алматыдағы «Eco Network» және Астанадағы «Тұрақты даму» жер қоры қоғамдық ұйымдары жұмыс істейді. Транзакция бойынша 1% бонус ретінде түсетін қаражаттың 0,5%-ы әр ұйымға бөлінеді, кейіннен көгалдандыру және қалдықтарды қайта өңдеу жобаларына жұмсалады. Банк ESG-күн тәртібі аясында жиналған бонусқа қосымша қаражат қосады. Есептер банк пен ұйымдардың сайттарында қолжетімді болады.
«Тұрақты экономиканы құру үшін барлық тараптардың — жеке және мемлекеттік секторлардың, азаматтық қоғам мен жеке тұлғалардың белсенді әрекеттері қажет деп санаймыз. Тек күш-жігерімізді біріктіре отырып, адамдар мен табиғат гүлденетін болашақты құра аламыз. Сондықтан біз қайта өңделген пластиктен жасалған Экокартаны ұсынуға қуаныштымыз, ол әрқайсымызға қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға мүмкіндік береді», — деді Mastercard-тың Қазақстан және Орталық Азиядағы бас директоры Санжар Жамалов.
2024 жылдың мамыр айында Еуразиялық банк Mastercard-тың жаһандық бағдарламасы «Priceless Planet Coalition»-ға қосылды. Бұл бағдарламаның мақсаты — жылыну мен көмірқышқыл қалдықтарының қауіпті климаттық әсерін төмендету үшін 100 миллион ағаш отырғызу. Банк 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу туралы мәлімдеген Қазақстандағы жалғыз қатысушы болып табылады.
Экокарта өндірісінде теңіз бен құрлықтан жиналған қайта өңделген пластик қолданылады, ол қайта пайдалану үшін жарамды және пайдалану кезінде, соның ішінде жоғары температура жағдайында бұзылмайды.
Бастамаға қосылыңыз! Еуразиялық банктің Экокартасын банктің сайтынан немесе бөлімшесінен рәсімдеуге болады. Картаны жеткізу және бірінші жылдық қызмет көрсету тегін. Apple Pay, Samsung Pay және Google Pay арқылы Экокарта көмегімен қауіпсіз әрі оңай төлем жасап, сіз автоматты түрде елді көгалдандыруға қатысасыз.
Экокарта шарттары мен рәсімдеу туралы толығырақ ақпаратты сайттан қараңыз: https://eubank.kz/ecocard/