inDrive қазақстандық “Рядом” ультражылдам жеткізу қызметіне инвестиция салды

inDrive әлемдік транспорт және қалалық қызметтер платформасы “Рядом” компаниясына стратегиялық инвестиция салды. Бұл компания – Қазақстандағы өнімдер мен дайын тамақтарды ультражылдам жеткізу бойынша онлайн-қызмет көрсететін жетекші компания. Келісім New Ventures венчурлық бөлімшесі арқылы жүзеге асырылды. Инвестицияның мақсаты – “Рядом” компаниясының амбицияға толы өсу жоспарын қолдау және оны e-grocery сегментіндегі тез дамып келе жатқан электронды коммерция саласындағы көшбасшылардың біріне айналдыру. Бұл қадам inDrive компаниясының өмір сапасын жақсарту жөніндегі стратегиялық бағытындағы жұмыстарының жалғасы болады.

“Рядом” 2020 жылы Қуаныш Аблаев пен Данияр Тоембаевтың бастамасымен Choco Holding қазақстандық компаниясының экожүйесінде құрылды. Қызмет өнімдер жеткізу нарығын технологияларды қолдану арқылы өзгеріп жатыр: бүгінгі таңда  тапсырыстардың 83%-ы төлем жасағаннан кейін 15 минут ішінде жиналып, жеткізіледі.

“Рядом” Алматы мен Астанада 19 дарк-стор желісімен жұмыс істейді. Әр дарк-стор – шамамен 300 кв.м. аумақты алып жатқан, жақын маңдағы ауданға 1,2 км радиуста қызмет көрсететін технологиялық қойма. Тапсырыстардың 90%-ы экотранспорт (велосипед, электросамокат) арқылы жеткізіледі.

Ассортимент 5000-нан астам жоғары сапалы өнімнен тұрады, оның ішінде сапалы көкөністер, жемістер мен дайын тағамдардар бар. Әрбір көкөніс, жеміс және басқа да өнімдер “Рядом” компаниясының стандарттарына сай болуы үшін қатаң іріктеуден өтеді.

Қуаныш Аблаев, “Рядом” қызметінің бас директоры және негізін бірге қалаушысы: «“Рядом” бренді – қамқорлық. Біздің клиенттерімізге деген қамқорлық – біз адамдарға дүкенге бармай-ақ сауда жасауға мүмкіндік бергіміз келді және жаз айларында біздің орташа жеткізу уақытымыз 13 минут! Өнімдердің сапасына деген қамқорлық – біз басынан бастап осындай ереже енгіздік: “Өнімдер ұнамаса – ақшаны 1 секунд ішінде қайтарамыз. Артық сұрақсыз”. Біздің курьерлерімізге деген қамқорлық – дарк-сторларда әрбір курьерге демалып, жылынып, шай мен кофе ішуге арналған бөлмелер дайындалған. Қаламызға деген қамқорлық – біз өнімдерді экотранспортпен жеткіземіз және дарк-сторлар орналасқан аудандардың өміріне белсене қатысамыз. inDrive компаниясымен бірге біз өз миссиямызды жүзеге асырып, әлемдегі ең қамқор компания болуды мақсат тұтамыз».

Қазіргі таңда “Рядом” Choco суперап (көпфункциялы) қосымшасының құрамында жұмыс істейді және Алматы мен Астананың жүз мыңдаған тұрғыны арасында кең тараған.

Андрис Смит, New Ventures басшысы:

«Біздің ТМД елдеріндегі алғашқы инвестициямыз – New Ventures-тің серіктестер таңдаудағы көзқарасының жарқын мысалы. Біз inDrive-тың 46 елдегі жаһандық жұмыс тәжірибесі мен команданың мықты жергілікті сараптамасының ерекше үйлесіміне сүйенеміз. Бұл бізге аймақ экономикасының дамуына елеулі үлес қосып, біздің құндылықтарымызды бөлісетін, тез өсіп келе жатқан компанияларды табуға мүмкіндік береді. Біз бұл серіктестік “Рядом” компаниясының нарықтағы орнын нығайтып қана қоймай, сонымен бірге inDrive-тың 2030 жылға дейін миллиард адамның өмірін жақсарту миссиясын жүзеге асыруға жақындатады деп сенеміз».

Инвестициялар компанияға өз брендтерін дамытуға, дайын тағам өндірісін ұлғайтуға және жаңа өңірлерде өз қызметін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Рамиль Мухоряпов, Choco Holding негізін қалаушы:

«inDrive компаниясымен бірге біз азық-түлікті сатып алу тәсілін әлем бойынша өзгертуге бағытталған ғаламдық көзқарасымызды жүзеге асырғымыз келеді. Біз адамдарға дүкенге бармай-ақ сатып алуға мүмкіндік бергіміз келеді, себебі біз өнімдерді 10-15 минут ішінде жеткізіп береміз. Адамдарға жоғары сапалы өнімдерге әділ бағамен қол жеткізу мүмкіндігін ұсынғымыз келеді».

New Ventures – дамушы нарықтарда үлкен әлеуеті бар стартаптарға инвестиция салуға бағытталған inDrive компаниясының корпоративтік бөлімшесі. Оның миссиясы – адамдардың өмірін жақсартуға және әділетсіздікпен күресуге бағытталған inDrive компаниясың көзқарасын ұстанатын компанияларды қолдау.

TSARKA қолдауымен