«Ирина Кайратовна» табысының сыры неде? CRM CONF 2025 іс-шарасында ең сәтті кейстер көрсетілді
Қазір аудиторияның толық назарын аудару – оңай шаруа емес. Дегенмен CRM CONF 2025 конференциясының спикерлері бұл міндетті сәтті орындаған адамдар. Олар шара барысында өз бизнестерінің даму тарихымен бөлісті. Көрермен өзбекстандық шоколад өндірушісінің өз бренді айналасында қауымдастық қалыптастырғаны, желілік маркетингтегі кәсіпкер әйелдің Битрикс24 арқылы табысты команда құрғаны және «Ирина Кайратовна» тобының дезодорант жарнамасы бар вирусқа айналған трегі YouTube-та 300 миллионнан астам қаралым жинағаны жайлы естіді.
Кәсіпкерлерге арналған жылдың басты оқиғасы
2025 жылдың 22 қазанында Орталық Азия кәсіпкерлері үшін ең айтулы шаралардың бірі – CRM CONF 2025 онлайн-форумы өтті. Битрикс24 Қазақстан ұйымдастырған бұл форум өзінің он жылдық мерейтойын атап өтті. Конференцияның тақырыбы – «Нақты бизнес кейстер» болды.
Шара тәжірибе алмасу алаңы ғана емес – шабыт пен жаңа мүмкіндіктер көзіне айналды. Қатысушылар нақты табыстар мен қиындықтар туралы естіп, практикалық кеңестер мен жаңа идеялар алды, сондай-ақ бейресми ортада пайдалы таныстықтар орнатты.
Конференцияның басты спикері – еліміздің ең танымал топтарының бірі – «Ирина Кайратовна» ұжымының коммерциялық продюсері Мария Мун болды. Ол вирустық маркетингтің ішкі құпияларымен бөлісті және брендтерге креативті коллаборациялар арқылы табысқа жетудің жолын көрсетті.
Келесі спикер – блогер және кәсіпкер, ерлер киім бренді ZERO-ның негізін қалаушы Исламбек Шарипов. Ол бизнесін автоматтандыру тәжірибесімен бөлісіп, қателіктер арқылы жүйелі табысқа қалай жеткенін әңгімеледі.
Көрермендердің ерекше ықыласына ие болған кейстердің бірі – Mary Kay компаниясының өкілі, бизнес-тренер Мадина Саулебаеваның баяндамасы. Ол Битрикс24 платформасын тиімді пайдаланып, клиенттер мен сатылымдарды басқаруды автоматтандырғанын, командалық коммуникацияны жақсартқанын және процестерді оңтайландырғанын айтты.
CRM CONF 2025 конференциясы бір нәрсені анық көрсетті: қазіргі табысты бизнес – ол адамдар мен технологиялардың дұрыс үйлесімі. Кәсіпкердің шабытын CRM құралдарымен ұштастыру – нақты нәтижеге апарар жол.
CRM CONF 2025 конференциясының толық жазбасын онлайн көруге болады. Шабыт алыңыз, тәжірибе жинаңыз және өз бизнес табысыңызды Битрикс24-пен бірге құрыңыз!