Ішкі істер министрлігі қызметке қабылдау үдерісіне жасанды интеллектті енгізуде

Министрлікте білімді бағалау процесінің ашықтығын арттыруға бағытталған инновациялық TrustExam.ai платформасының әзірлеушісі — Trust Education Company компаниясының өкілі Нұрали Сарбақышпен кездесу өтті.

Тараптар ынтымақтастықты дамытуға және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қоюға мүдделілік білдірді.

ІІМ мен Trust Education Company арасындағы әріптестік іріктеу жүйесіне интеллектуалды технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндік ашып, жоғары деңгейдегі ашықтықты, тиімділікті және сенімділікті қамтамасыз етеді.

TrustExam — Astana Hub Battle стартап-жобаларының бірі әрі жеңімпаздарының қатарында.

ЖИ платформасы мемлекеттік органдарға, университеттерге және емтихан орталықтарына алаяқтықпен күресуге және академиялық адалдықты арттыруға көмектеседі.

TSARKA қолдауымен