ISSAI Қазақстанның жасанды интеллектінің жаңа дәуір технологияларын ұсынады
Nazarbayev University Ақылды Жүйелер мен Жасанды Интеллект Институты(ISSAI) қазақстандық мамандар толықтай әзірлеп, жасап, іске асырған жасанды интеллекттің жаңа технологияларқатарын ұсынды.
Баспасөз брифингі барысында ұсынылған жүйелерҚазақстанның технологиялық дербестікке, мәдениерекшелікті сақтауға және жасанды интеллект саласындатәуелсіз инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталғанмаңызды қадамын білдіреді.
2024 жылдың желтоқсанында ірі тілдік модель — KazLLMтаныстырылымынан кейін, ISSAI мәдени және тілдікәртүрлілікті ескеретін жасанды интеллект бағытындаҚазақстанды көшбасшылар қатарына шығаратын бес бірдейсерпінді өнімді назарға ұсынады.
Өзін-өзі қамтамасыз ететін жасанды интеллектті құружолындағы маңызды қадам
«Бүгін ұсынылған барлық технологиялар — бұл деректердіжинаудан бастап инженерлік шешімдер мен енгізугедейінгі барлық кезеңдерде жергілікті мамандардыңеңбегінің нәтижесі», — деп атап өтті ISSAI БасДиректоры, доктор Хусейн Атакан Варол. — «Бұл тектехнологиялық жетістік қана емес, сонымен бірге мәденимаңызы бар жетістік. Қазақстан өз халқы үшін, өз тіліндежәне өз ережелерімен озық интеллектуалды жүйелердіжасай алатынын дәлелдеп отыр — бұл қазақстандықзерттеушілердің, инженерлер мен деректер саласындағымамандардың талантының арқасында мүмкін болыпотыр».
Ұсынылған технологиялар
Oylan 2.5 — Латын әліпбиін қолдайтын көптілді, мультимодальды жасанды интеллект көмекшісі
Oylan 2.5 — ISSAI әзірлеген қуатты жасанды интеллекткөмекшісі, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмысістей алады. Жаңа нұсқада пайдаланушылар қазақ тіліндетек кириллицамен ғана емес, сонымен қатар латынәліпбиімен де еркін жұмыс жасайды.
Oylan 2.5 көмегімен пайдаланушылар мыналарды жасайалады:
● Сұрақтарды мәтін немесе дауыс арқылы қойып, толықәрі мазмұнды жауаптар алу;
● Кескіндерді (үй тапсырмасы, сызбалар және т.б.) жүктеп, талдау нәтижесін көру;
● Қазақ тілінде жауаптарды кириллицада да, латынәліпбиінде де алу;
● Интернеттен немесе құжаттардан шынайы және сенімдіақпарат іздеу;
● Математикалық формулалар мен бағдарламалау кодындұрыс форматта көрсету — бұл студенттер менәзірлеушілер үшін өте қолайлы.
MangiSoz 2.0 — Сөйлеуді тану, дыбыстау және аударужүйесі
MangiSoz 2.0 — нақты ортада сенімді жұмыс істеугеарналған сөйлеу технологияларының жүйесі. Жүйемыналарды ұсынады:
● Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытай тілдеріндежоғары дәлдікпен сөйлеуді тану және дыбыстаумүмкіндігі;
● Мәтінді дауысқа және сөйлеуді мәтінге табиғи, адамғаұқсас дауыс арқылы түрлендіру, бес тілдің барлығындаер және әйел дауысын таңдау мүмкіндігі.
TilSync — Нақты уақытта субтитр және аударма құралы
TilSync әртүрлі тілдер мен платформалар арасындағықарым-қатынасты жеңілдетеді:
● Өте төмен кідірісі бар нақты уақытта субтитр жәнеаудиоаударма;
● Видеоконференциялар мен стримингтікплатформалармен оңай интеграция;
● Қазақ, орыс және ағылшын тілдері арасында нақтыуақытта аудару.
Beynele — Мәдени бейімделуі бар көптілді суретгенераторы
Beynele — қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде мәтіндіксұраныстар арқылы мәдени ерекшеліктерді ескеретінвизуалды контент жасай алатын генеративті жасандыинтеллект моделі:
● Әртүрлі тілде мәтіндік сұраныс арқылы суретгенерациялау;
● Қазақ ұлттық нақыштарын, ұлттық киімдерді, символдармен табиғи көріністерді қолдану;
● Контент жасаушыларға, оқытушыларға және медиа саласының мамандарына қолдау көрсету;
● Визуалды әңгімелеу арқылы мәдени егемендіктінығайту.
Mangitas 02 — Жасанды интеллектті жергілікті жәнеқауіпсіз орналастыруға арналған сервер
Mangitas 02 — модельдердің қауіпсіз жергілікті инференсіүшін әзірленген арнайы жасанды интеллект жабдығы:
● Жергілікті қолдануға арналған жоғары өнімді инференссервері;
● Бұлттық сервистерден толық бас тарту — құпия жәнесезімтал деректермен жұмыс істеуге оңтайлы шешім;
● Жасанды интеллект мүмкіндіктерін мектептерде, жергілікті деректер орталықтарында және мемлекеттікмекемелерде толыққанды пайдалану;
● Негізгі жасанды интеллект жүйелерінің тек ұлттықинфрақұрылым шеңберінде жұмыс істеуін қамтамасызетеді;
● Деректердің толық қауіпсіздігін, ұлттық стандарттарғасәйкестігін және сыртқы онлайн платформаларғатәуелділіктен толық тәуелсіз жұмыс істеу мүмкіндігінқамтамасыз етеді.
ISSAI баспасөз мәслихатында Атқарушы директор Ербол Абсалямов атап өтті: «MANGITAS — толығыменISSAI ішінде құрастырылып, бапталған инференс сервері, дәстүрлі суперкомпьютерлерге жергілікті балама бола алады. ISSAI жоғары өнімді есептеу жүйелерін енгізубойынша мемлекеттік бастаманы толық қолдайды жәнеқұптайды, алайда олардың басым бөлігі қазіргі таңдахалықаралық санкцияларға ұшыраған шетелдіккомпоненттерге негізделген. Ал MANGITAS болса, Қазақстанда қолжетімді жабдықтарды пайдалану арқылыжасалып, ISSAI-дың толықтай меншікті технологиялықшешімі болып табылады. Оның есептеу қуаты біршамақарапайым болуы мүмкін, бірақ бұл Қазақстанның сыртқышектеулерді айналып өтіп, ұлттық цифрлық егемендіктінығайтуға бағытталған тәуелсіз, отандық технологиялықшешімдерді жасап шығара алатынын көрсететін айқынмысал. Қазіргі таңда ISSAI-дың барлық модельдеріMANGITAS платформасында орналастырылуы мүмкінжәне біз бұл шешімді өз қажеттіліктеріне бейімдеу үшінбасқа ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз».
ISSAI IT өнім менеджері Амина Байкенова өзпрезентациясы барысында былай деп атап өтті: «ISSAIкомандасы әзірлеген MANGITAS инференс сервері — жабықжәне қорғалған ортада жұмыс істейтін жоғары өнімдішешім. Бұл деректердің барынша қорғалуын жәнеқұпиялылығын қамтамасыз етеді. Бүгінде қазақстандықбірқатар кәсіпорындар MANGITAS жүйесін оқшауланғанIT-инфрақұрылымдарында сәтті қолдануда, бұл оныңсенімділігі мен сезімтал деректермен жұмыс істеугежарамдылығын дәлелдейді».
Бұл жетістік NU — Орталық Азиядағы жетекші зерттеууниверситеті — және Қазақстанның басқа да алдыңғықатарлы білім және ғылыми мекемелері қалыптастырғанинтеллектуалдық әлеуеттің арқасында мүмкін болды.
Назарбаев Университеті зерттеушілері айқындағанбасты басымдық — жергілікті және жаһандықдеңгейдегі сын-қатерлерге жауап беретін, нақтыпайдасы мен практикалық маңызы бар ЖИ шешімдерінәзірлеу.