ITS Орталық Азиядағы күнделікті табысты АҚШ долларында беретін алғашқы ақша нарығы биржалық қорын іске қосты

ITS халықаралық сауда алаңы 2025 жылғы 25 қарашадан бастап жаңа құрал – ITS Dollar Liquidity (ITSD) ақша нарығының биржалық қорына қолжетімділікті ашты. Қор күн сайын қаражатты жаһандық қаржы нарығындағы ең сенімді қамтамасыз ету құралы – АҚШ мемлекеттік облигацияларымен (U.S. Treasuries) немесе осы облигацияларға арналған америкалық ETF акцияларымен қамтамасыз етілген РЕПО мәмілелеріне орналастырады.

«Біз алғашқы долларлық ақша нарығы ETF-інің пайда болуын АХҚО үшін де, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азияның қаржы индустриясы үшін тұтастай алғанда аса маңызды оқиға деп санаймыз. Диверсификацияланған индекс қорлары ITS World және ITS Shariah, сондай-ақ үнемі кеңейіп келе жатқан ITS Single Stock ETF топтамасымен бірге бұл құрал кең ауқымды бөлшекинвесторлар үшін жинақтарын басқаруда іс жүзінде шексіз мүмкіндік береді және институционалдық инвесторлардың әлеуетін айтарлықтай арттырады», — деді ITS басқарушы директоры Александр Диаковский.

ITSD табыстылығы АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің EFFR (Effective Federal Funds Rate) мөлшерлемесіне бекітілген және одан 0,25% жылдық шегеріледі. Қордың инвестициялық стратегиясы U.S. Treasuries нарығындағы баға өзгеруіне байланысты туындайтын нарықтық тәуекелдерді болдырмайды, инвестор үшін табыстылықтың толық ашықтығын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта облигациялардың орташа табыстылығы жылына 3,63% деңгейінде. Сатып алудың ең төменгі сомасы — 1 АҚШ доллары, бұл құралды барлық инвесторлар санатына қолжетімді етеді.

Инвестициялық табыс қор акциясының бағасының көрсетілген пайыздық мөлшерлемеге сәйкес күн сайын өсіп отыруы арқылы қалыптасады. Сонымен бірге Астана уақытымен 10:00-ден келесі күнгі 03:45-ке дейін ITSD саудасындағы өтімділікті қамтамасыз ету бұл құралға ақша енгізу және шығару шектеулерін жояды, бұл жинақты басқарудың нарықтағы өзге балама құралдарымен салыстырғанда ITSD-ді едәуір тиімді етеді.

ITSD бойынша басқару және қызмет көрсету жөніндегі жылдық комиссиясы жылына 0,1%-ға тең, бұл – нарықтағы ең төмен көрсеткіштердің бірі. Бұл комиссия қор құнына енгізілген және басқарушы компания тарапынан күн сайын тең үлеспен ұсталады, бұл күніне 0,0003%-дан аз мөлшерді құрайды.

ITSD-дің басқарушы компаниясы — АХҚО-ның бөлшекинвесторларға арналған қорларды басқару жөніндегі лицензиясына ие IPS Capital. Құрал АХҚО юрисдикциясында тіркелген және AIX биржасында бастапқы листингтен өткен. Қазақстанда ITSD бойынша жеке тұлғалардың табыстары салықтан босатылған, бұл шетелдік ақша нарығы қорларымен салыстырғанда бұл құралды айтарлықтай тиімді етеді, өйткені олар бойынша салықтық ұсталымдар қолданылады.

ITS платформасында 3000-нан аса халықаралық бағалы қағаздар, оның ішінде 300-ден астам ETF, сондай-ақ акциялар мен депозитарлық қолхаттар қолжетімді. ITS-тегі халықаралық бағалы қағаздар әлемдік экономиканың көпшілік салаларын қамтиды және жетекші әлемдік индекстерге кіреді.

TSARKA қолдауымен