Қамқорлықтағы азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу енді eGov.kz порталында қолжетімді

Енді 18 жастан асқан, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың қорғаншылары өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталы арқылы тіркей алады. Бұған дейін бұл қызмет тек халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелерінде офлайн режимде көрсетілетін. 

 Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету – eGov.kz порталының басты міндеттерінің бірі. Енді жаңартылған қызметтің арқасында тіркелімге өтінімді үйден шықпай-ақ, бірнеше қадам арқылы оңай беруге болады. Бұл уақытты үнемдеп, қызметті алуды әлдеқайда ыңғайлы етеді.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:

- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп,«Азаматтық, миграция және иммиграция»бөлімін таңдау керек; - «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімінде «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу» бөлімін таңдау қажет; - қажетті деректерді толтырып, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде, «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.

Өтінімді өңдеудің жай-күйі туралы хабарлама мемлекеттік орган белгілеген уақыт ішінде түседі. 

Көрсетілетін қызметтің жаңартылған функционалыҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

TSARKA қолдауымен