Қамқоршылар енді eGov.kz порталында өз қамқорлығындағы адамдарды емханаға тіркей алады

eGov.kz порталында мемлекеттік қызметтерді кеңейту арқылы қамқоршыларға балаларын және әрекетке қабілетсіз ересек адамдарды онлайн түрде емханаға тіркеу мүмкіндігі берілді. Бұл қызмет бұрын тек емханаларға тікелей жүгіну арқылы жүзеге асырылса, енді цифрлық форматта қолжетімді болды, бұл әртүрлі санаттағы азаматтардың, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғауға оң әсер етеді.

Жаңа қызметтің арқасында қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілері және басқа да заңды өкілдер өз қамқорлығындағы адамдарды медициналық мекемелерге тіркей алады. Бұрын бұл процесс жеке қатысуды және қамқоршылықты растайтын құжаттарды талап ететін болса, енді ол eGov.kz порталы арқылы онлайн жүзеге асады.

Қызметті алу үшін:

  • Пайдаланушыларға порталға кіріп
  • «Денсаулық сақтау» бөліміне өтіп
  • «Емханаға тіркелу» қызметін таңдау керек

Қажетті ақпараттарды толтырып, өтінімді ЭЦҚ, QR-код немесе SMS арқылы растау жеткілікті. Тіркеу науқанының нәтижелері бойынша медициналық ұйымды ауыстыру немесе жылына бір рет басқа мекемеге тіркелу мүмкіндігі бар.

Қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде медициналық ұйымның қарауынан кейін қолжетімді болады.

TSARKA қолдауымен