Қарағанды қаласында жүлде қоры 1 миллион теңге болатын әзірлеушілерге арналған жарыс өткізіледі

6-8 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті тақырыптарға арналған Security Hackathon өтеді. Іс-шара инновациялық IT-шешімдерді әзірлеу үшін жаңадан бастаушы және тәжірибелі әзірлеушілерді біріктіреді.

 Осындай жарыс Қарағанды қаласында он жетінші рет өткізілуде. Ұйымдастырушысы ретінде “Терриконовая долина” қарағандылық стартап-экожүйесі танылады. Форматтың ерекшелігі ол шектеулі уақыт аралығында шынайы кейстермен жұмыс істеу. Қатысушылар небәрі 48 сағат ішінде командалар ұсынылған тапсырмалардың бірі бойынша өз шешімдерін әзірлеп ұсынуы керек:

 Осалдықтарды талдауға және IP/домендерді тексеруге арналған веб-бағдарлама:

1 орын - 400 000 теңге

2 орын - 300 000 теңге

 Клиент - сервер деректер алмасу қосымшасы:

1 орын - 200 000 теңге

2 орын - 100 000 теңге

 Мұндай форматтағы іс-шаралар IT саласындағы жаңа таланттарды анықтаумен бірге шынайы өмірде қолдануға болатын шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді. Бұл қатысушыларға өздері туралы жариялауға, сарапшылардың қолдауына ие болуға және ақпараттық қауіпсіздік технологияларын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік.

 “Хакатондар - бұл жай ғана жарыс емес, инновацияны дамытуға арналған нағыз зертханалар. Біз үшін осындай бастамаларды қолдау маңызды болып табылсды, себебі дәл осындай іс-шарада ІТ-сектордың болашағын айқындайтын жаңа идеялар мен технологиялар пайда болады”, - деп “Терриконовая долина” бизнес-бөлімінің басшысы Диана Салехова бөлісті. 

 Хакатонға студенттер, IT-мамандар, әзірлеушілер және технологияларға қызығушылық танытқан және нақты бәсекелестік жағдайында өз дағдыларын жетілдіргісі келетін адамдар шақырылады. Іс-шара гибридті форматта өтеді, бұл дегеніміз сіз келіп қатыса аласыз және онлайн қосыла аласыз. Қатысу тегін және алдын ала тіркелу бойынша жүргізіледі: https://terricon.kz/ru/hackathon

TSARKA қолдауымен