Қасаң қағидалар мен ізгілік тартысы: «Желмен жарысқандар» спорттық драмасының түсірілімі аяқталды
Unico компаниясы Алматы облысындағы көріктімекендердің бірі Шошанай ауылында «Желменжарысқандар» спорттық драмасының түсірілімінаяқтады. Жоба авторлары көрерменге кертартпа тәрбиеұстанатын отбасындағы қыздың басынан өткенінсипаттайтын, қасаң қағидаларды бұзып, өзін руханитұрғыда дамыта отырып жеңіс пен жетістікке жеткенспортшы өмірі туралы туындыны көрерменге құлшыныссыйлау мақсатында ұсынып отыр.
Спорттық драмада Мәдина есімді желаяқ бапкермолданың жаттықтыруымен қаладағы жарысқа қатысудыармандайды. Бірақ Мәдинаның қатал ағасы оныңтаңдауын құптамайды. Ол Мәдинаның арманыныңорындалуына барынша қарсылығын көрсетеді.
Unico әлемдік фестивальдар мен кинонарықтарда өзкомпаниясының және Қазақстанның басқа да өндірушілерінің жобаларын ұсынуды жалғастыруда. Мысалы, бірер апта бұрын Францияның Канн қаласында«TWO» сериалы көрсетілді. Ал кеше «Желменжарысқандар» («Running to light») медиаиндустриядағысоңғы трендтерге ерекше назар аударатын Dubai International Content Market (DICM) ірі кинонарығындакөрсетілді
«Желмен жарысқандар» сериалының кейіпкерлерін Қуандық Қыстықбай, Мейірғат Амангелдин, Айнұр Бермұхамбетова, Лаура Мырзахмет, Мағзаман Төренияз, Қажымұқан Қалымбетов, Бақытгүл Серікбаева, Ермек Шынболатов секілді дарындыактерлар сомдайды. Мәдина рөліндегі жас актриса Амина Оразбай үшін «Желмен жарысқандар» дебют болмақ.
Сериал 13 бөлімнен тұрады. Тұсаукесер 2026 жылғажоспарланған.