Қазақ жігіті Tesla және SpaceX алыптарының инвесторынан 1 миллион доллар инвестиция тартты
TrustMe қазақстандық стартапы әйгілі венчурлікинвестор Тим Дрейперден 1 миллион инвестиция тарту бойынша мәмілені сәтті аяқтағанын хабарлады. Инвестордың қызығушылығын тудырған - келісімшарттарға санаулы минуттар ішінде SMS арқылы электронды қол қоюға мүмкіндік беретін сервис.
Инвестормен келіссөздер бір жылдан астам уақытқасозылып, стартап қиындықтарға тап болып, биылғыжыл компания үшін үлкен сынақ болған. Ал қазір 2000-нан астам клиент TrustContract-ке сенеді және қазірдіңөзінде қызмет арқылы 700 мыңнан астамкелісімшарттарға қол қойылған.
Түскен қаражат компанияны дамытуға жәнемасштабтауға бағытталатын болады:
● TrustContract өнімінің функционалдығынжақсарту: жасанды интеллект арқылытұтынушыларға келісім-шарт үлгілерін жасауғажәне оларды бір рет басу арқылы қол қоюғажіберуге мүмкіндік беретін инновациялықTrustContract self-service AI шешімін әзірлеу жәнеенгізу.
● АҚШ, Түркия және MENA аймағының нарықтарынабаса назар аудара отырып, халықаралық нарықтарға шығу.
● Жаңа өнімдерді әзірлеу: шот - фактураларға қолқою үшін TrustAccounting сияқты өнімдерін жасап, енгізу; TrustHR - кадрлық құжаттарға қол қоюдыавтоматтандыру және TrustMe экожүйесінде жұмысістейтін меншікті инвестициялық валюта TrustToken шығару.
Компания алдағы уақытта инвестицияларды тартуды, өзөнімін дамытуды және басқаларды өз идеяларынасенуге, жаңа стартаптарды шабыттандырудыжалғастырады. Осы жолда сервисті қолдаған барлықклиенттерге, серіктестерге және қолдаушыларғакомпания алғысын білдіреді.