Қазақстан АҚШ пен Сингапурды жаһандық антиақша жуу рейтингінде басып озды

Қазақстан Basel AML Index тәуелсіз халықаралық рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) хабарлады.

Базель басқару институтының деректері бойынша, Қазақстан 10 балдық шкалада (мұндағы 10 – кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландырудың ең жоғарғы қаупі, ал 0 – ең төменгі қауіп) 4,65 баллмен 111-орынға ие болды. Салыстыру үшін, 2023 жылы ел 4,71 балмен 100-орында тұрған болатын. Осылайша, Қазақстан рейтинг жарияланған 2012 жылдан бастап өзінің тарихи рекордын жаңартты.

Соңғы төрт жылда Қазақстан айтарлықтай прогресс көрсетіп, 2020 жылғы 73-орыннан биылғы 111-орынға дейін көтерілді. Рейтингте Қазақстан АҚШ, Жапония, Сингапур, Қытай, Катар, Италия, Венгрия және Түркия сияқты елдерді артта қалдырды.

2024 жылғы кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру қаупі ең төмен елдердің ТОП-5 тізімін Сан-Марино, Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра және Швеция бастап тұр.

Basel AML Index рейтингі кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру қаупіне әсер ететін бес саладағы 17 негізгі көрсеткішке негізделген. Бұл индекс халықаралық және мемлекеттік ұйымдар тарапынан елдердің тәуекелдерін салыстырмалы түрде талдау үшін жыл сайын қолданылады.

TSARKA қолдауымен