Қазақстан БҰҰ-ның «Электрондық үкімет» дамуы бойынша рейтингінде 24-ші орын алды
2022-2023 жылдар қорытындысы бойынша елдердегі электрондық үкімет дамуы туралы жаңа есеп – UN Global E-Government Development Index жарияланды.
Бұл рейтингте Қазақстан 4 сатыға жоғары көтерілді. Сарапшылар электрондық қызметтерді дамыту, адам капиталы және телекоммуникациялық инфрақұрылымды бағалайды.
«5-6 жыл бұрын көлік сатып алуды 5 минутта рәсімдей аламыз, төлқұжатты 1 күнде аламыз, онлайн түрде үйлене аламыз, анықтамалар мен цифрлық құжаттар аламыз деп елестете алдық па? Қазір көпшілігімізге басқа қалаға ұшуға, өтінімдер рәсімдеуге, анықтамалар көрсетіп, барлық қажетті істерді жасау үшін ұялы телефон жеткілікті, ал бұл бұрын мүмкін емес болып көрінетін.
Бұл – мемлекеттік қызметтерді реинжинирингтеу, мемлекеттік басқаруды трансформациялау, Techorda бағдарламасы үшін ваучерлер беруге арналған Astana hub бастамасы, телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған институционалдық өзгерістердің бірлескен және командалық жұмысының нәтижесі. Айтыс-тартыссыз, пікірталассыз, ұйқысыз түндерсіз болған жоқ, бірақ бұл оған тұрарлық болды!», – деп түсіндірді Бағдат Мусин.
Рейтинг мәліметтері мен көрсеткіштерін сайттан қарауға болады.