Қазақстан энергетикалық жүйесін кибершабуылдардан қорғау үшін салалық орталық құрады

Премьер-министр Олжас Бектенов Энергетика, Жасанды интеллект және Қаржы министрліктеріне 2026 жылдың соңына дейін отын-энергетика кешені нысандарын кибершабуылдардан қорғауға арналған Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығын іске қосуды тапсырды.

Жаңа орталық энергетика саласын цифрландырудың негізгі элементі болып, киберқауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу, алдын алу және оларға ден қоюға жауапты болады.

Сонымен қатар, энергетикадағы цифрлық жүйелердің тұрақты әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін инфокоммуникациялық инфрақұрылым операторы құрылады.

Жобаны іске асыру барысына Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр жауапты болып белгіленді.

TSARKA қолдауымен